Жаңалықтар

АЙДАЛАҒА КЕТПЕЙ МЕ АЙ САЙЫНҒЫ ТӨЛЕМДЕР?

Евгения:
– Қайырлы күн! ПИК жүзеге асыруға тиіс қызмет түрлерінің тізімін беріңіздерші. Ай сайынғы төлем қайда кетеді? Осы төлемді алған ПИК не істеуге тиіс? Немесе осы ақпаратты алуға болатын дереккөзін көрсетіңіздерші, ПИК-тегілер менің сұрағыма жауап бергісі келмейді.

ЖАУАП:
– Евгения, (пәтер) үйжайды иеленушілер кооперативі (П/ҮИК) тұрғын үйжайларды, ортақ пайдаланымдағы жерлерді, ғимарат пен төңіректегі жер аумағын күтіп ұстап, қадеге жарату және басқару; коммуналдық және басқа қызмет түрлерін жеткерушілермен, мемлекеттік органдармен, барлық меншік пішіміндегі мекемелермен, ұйымдармен өзара әрекет жасау мақсатында құрылады. Сондай-ақ, (пәтер) үйжай иеленушілердің бәрінің үйді күтіп ұстауға және пайдалануға байланысты шығындарды өтеу ісіне түгел қатысуын қамтамасыз етеді.

2011 жылғы 12 желтоқсандағы №479 «Кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп ұстау шығындарының сметасын есептеу әдістемесіне» сай ортақ мүлікті күтіп ұстауға арналған шығындарға мыналар жатады: – материалдық қажеттіліктерге арналған шығындар;

– еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындар;

– мамандандырылған ұйымдардың қызметіне жұмсалатын шығындар;

– үйге ортақ есептеу құрылғыларын сатып алу шығындары.

Үйлердің тұрпатына, қабаттылығына, кіреберістерінің санына, құрылымдық ерекшеліктеріне, алаңқайлары мен төңірегіндегі жер аумағының абаттандырылуына, олардың техникалық ахуалы мен тозу деңгейіне байланысты кондоминиумдардың ортақ мүлкін күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар да айырмашылыққа ие болады.

«Әкімге өз сауалыңды жолда» айдарының аясында толық ақпарат беру мүмкін болмағандықтан, онымен мына мекенжайда: Бигелдинов көшесі 74/1-үйде орналасқан Астана қаласы тұрғын үй инспекциясының басқармасына барып немесе ҚР Құрылыс ісі жәнеТКШ агенттігінің www.ads.gov.kz сайтына кіріп, өзіңіз танысуыңызға болады

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button