Аймақтарда қаржыландыруға сұраныстың артқаны байқалды
2024 жылы аймақтарда қаржыландыруға сұраныстың артуы байқалып отыр, «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) мамандары осындай қорытындыға келді.
Ұлттық банктің ресми статистика деректері бойынша, 2024 жылдың 1 қыркүйегіне қарай микроқаржы ұйымдарының кредит портфелінің жиынтық көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін өсті. Былтырғыдай, портфельдің негізгі үлесі — 85%-ын жеке тұлғаларға берілген микрокредиттер құрайды, бұл 1,18 трлн теңгеге тең. Жеке кәсіпкерлерге берілген микрокредиттер 172,4 млрд теңгеге дейін өсті. Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 38,9 млрд теңгені құрады. ҚНРДА деректері бойынша, ең жоғарғы үлес ауыл шаруашылығына (30,6%), қызметтер көрсетуге (23,6%), электр қуатын өндіруге (16,6%), өнеркәсіпке (10,8%) және саудаға (5,9%) тиесілі.
«Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) зерттеуі бойынша, қалалар мен аудандар бөлігінде барлық берілген микрокредиттердің 32%-ы Алматыға тиесілі, оның үлесі өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға төмендеді. Астана 27%-бен екінші орында тұр. Кредиттеу көлемінің 16%-ын алып отырған Шымкентте де микрокредиттер шағын бизнесті қолдаудың маңызды ресурсына айналды. Берілген микрокредиттер көлемі бойынша Түркістан облысы 13%-бен көшбасшылар тобына еніп тұр. Бұл ретте жыл басынан бері Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарындағы МҚҰ клиенттерінің үлесі де артты, олар бұған дейін клиенттердің елеусіз бөлігін ғана құрайтын.
Мамандар биыл аймақтарда жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің микрокредит алу белсенділігінің артқанын атап көрсетеді. Мысалы, «Робокэш.кз» МҚҰ клиенттерінің арасында кәсіпкерлер айналым қаражатын толықтыру үшін негізінен қарыз қаражатын пайдаланады, бұл аймақтарда бизнесті қолдауда микрокредиттеудің маңызды рөл атқаратынын көрсетеді және, сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл үрдіс 2024 жылдың соңына дейін жалғасады.
1-кесте. Қазақстандағы бизнес-МҚҰ (және олардың филиалдарының) географиялық орналасуы
Қамту | МҚҰ саны | МҚҰ %-ы | ШОК %-ы[1] |
Облыстық желі[2] | 12 | 15,2 | 100,0 |
Алматы қаласы және Алматы облысы | 27 | 34,2 | 24,0 |
Ақмола облысы | 1 | 1,3 | 2,9 |
Ақтөбе облысы | 2 | 2,5 | 4,2 |
Астана қаласы | 9 | 11,4 | 11,7 |
Атырау облысы | 1 | 1,3 | 3,3 |
Шығыс Қазақстан облысы | 1 | 1,3 | 3,2 |
Жамбыл облысы | 3 | 3,8 | 5,4 |
Жетісу облысы | 2 | 2,5 | 2,9 |
Батыс Қазақстан облысы | 4 | 5,1 | 2,9 |
Қарағанды облысы | 2 | 2,5 | 5,0 |
Қостанай облысы | 2 | 2,5 | 3,1 |
Қызылорда облысы | 2 | 2,5 | 3,3 |
Павлодар облысы | 1 | 1,3 | 2,8 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 2 | 2,5 | 1,7 |
Ұлытау облысы | 1 | 1,3 | 0,9 |
Шымкент қаласы және Түркістан облысы | 7 | 8,9 | 16,1 |
Абай және Маңғыстау облыстары | 0 | 0,0 | 6,6 |
79 | 100,0 | 100,0 |
[1] Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің географиялық орналасуы (2024 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша).
[2] Орташа алғанда елдің барлық аймақтарын қамтиды деп санауға болатын тармақталған филиалдық желісі бар МҚҰ.