#Жаңа Қазақстан

Аймақтарды дамытуды талап етеді

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, Қазақстан халық партиясы төрағасының орынбасары Александр Милютин Семей қаласындағы «Спартак» стадионында аяқдопшылармен кездесті.

Партия өкілі отандастардың жақсы өмір сүруі үшін Халық партиясының қандай өзгерістер енгізуді көздеп отырғанын айтты.

«Семей өткен жылы облыс орталығы мәртебесіне ие болды. Ал бұл өзгеріс облыс тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер етуі тиіс. Халық партиясы аймақтарды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту, заманауи жолдар салуды талап етеді» деді Александр Милютин.

Сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат, партия төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков Атырау қаласындағы «Көктем» базарында сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Партия өкілі Атырау жұртымен жүздескенде, Халық партиясы әйелдерді 58 жаста зейнетке шығуды қолдап, бастама көтергенін айтты. Нәтижесінде Үкімет зейнет жасын көтеруге 5 жылға мораторий енгізді. Сондай-ақ партия АӘК-тен бас тартып, оның орнына балалар жәрдемақысының мөлшерін 70000 теңгеге дейін көбейту керек деп есептейді.

Қазақстандағы әлеуметтік теңсіздік салдарынан бүгінде 3 миллионға жуық адам кедейлікте өмір сүріп отыр. Сондықтан Қазақстан халық партиясы «Кедейлікпен күрес туралы» заңның қабылдануын талап етеді және бүгінге ең төменгі жалақы 140 мың теңге болуы керек деп санайды.

«Ауылдарда көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салу керек» деді Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Гаухар Танашева сайлауалды үгіт-насихат жұмысын Сыр елінде жалғастырған сапарында. Спикер қызылордалық көпбалалы аналармен кездесіп, ҚХП-ның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партия балабақшадан бастап қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету мен білім беруді тегін етуді қолдайды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button