Жаңалықтар

АЙМАҚТЫҚ ФОРУМ ӨТЕДІ

«Жасыл экономикаға көшу жөніндегі» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен тұ­жырымдаманы түсін­діру мақсатында 1 қараша күні Көкшетау қаласында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту» коалициясымен бірлесіп, Ақмола облысының әкім­дігі мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы, БҰҰ-ның Қазақстандағы даму бағдарламасының өкілдігінің қолдауымен «Жасыл өсімнің өңірлік нүктелерінің жүйесін қалыптастыру» атты аймақтық форумды өткізеді. Бұл жөнінде кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық
коммуникациялар қыз­ме­тінің дәстүрлі бри­фингінде ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.
Форумда «ЭКСПО-
2017» халықаралық көр­месі дәріптеліп, жасыл экономиканың ауыл ша­руашылығындағы, су ресурстарындағы әлеуеті, қайта өндеу секторының даму перспективалары талқыланады.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button