Жаңалықтар

АЙТ, КЕЛІН-АУ, АЙТ, КЕЛІН…немесе келіннің бетін қалай ашып жүрміз?

«Той дегенде қу бас домалайды».
«Құдай қазақты тойдан айырмасын…»
«Тойшыл елміз, думаншыл, сауықшыл халық­пыз» дейміз-ау!.. Дау жоқ, солай. Қазақ қазақ болғалы соңғы лағын сойса да, қуанышын бөліскен айналасымен.
Қазір тәуба, кешегі тоқырау жылдарында да қара нан мен қара шай ішіп отырып, дү­­ріл­­де­тіп той жасағанбыз. «Қазір тәуба» деу­дің өзі ың­ғай­сыздау ғой деймін, өйткені, қайтарымы есе­леп төленетін «кредит» алмай, той жасайтын қазақ кемде кем.

Айтар әңгіме бұл емес-ті. Сол тойдағы баба сал­ты­­ның, ата дәстүрінің мың құ­былып бара жатқа­ны. Соңғы жылдары елі­міздің түкпір-түкпі­рінен кілең жастар ағы­лып келіп, қоныстанып жат­қан Астана шаһарында отау тігіп, шаңырақ кө­те­­ру­шілер легі көңіл қуан­­тады (өкініш­тісі, ажырасушы­лар­дың да аз емес екенін мамандар жоқ­­қа шығармайды). Әр жұп­тың ата-анасы қуа­ныш­­тарын тоймен бөлі­сетіні сөзсіз. Біреу жас жұ­бай­­лар­дың шаттығына екі-үш күннен кейін-ақ ағыл-тегіл дастархан жайса, біреу араға бір немесе бір­неше ай салып тойлайды. Бі­рақ, соның бәрінде дер­лік алдымен келіннің беті ашылып жүр. Яғни, беташар рәсімі…
Салт пен дәстүрдің, қа­­за­қы­­лық­тың қай­мағы ауыл­­да сақ­талғ­ан ғой. Ке­лін түс­­кен күні (!) әже­ле­­рі­міз отқа май тамызып, апа­ларымыз орамал са­лып, жеңгелеріміз шашуын ша­шып, бәрімізге әйгі­лі Қуан ақын (біздің ауыл­­дағы) үкілі домбыра­сын құ­шақ­тай жетіп, әй бір «Айт келінді» шырқа­та­тын еді-ау!
«Айт, келін-ау, айт, келін,
Атыңның басын тарт, келін.
Жұмыртқадан ақ келін,
Сауыс­қаннан сақ келін…»
Дәс­түрге сай, беташар рә­сіміне келіннің туыстары, ата-аналары, аға-інілері қатыспайды.
Ал қазір ше?.. Қазіргі той­­ларда.. Келіннің қай кү­ні, қай айда, қашан түс­ке­­нінен хабарсызбыз, әри­не. Бірақ, дәл той­дың алдында бетін аша­мыз күл­лі құдалардың – ата-ана­ларының, аға-жең­­ге­ле­рінің, іні-сіңлі­ле­рінің, ағайын-туыс­тарының кө­зін бақы­райтып қойып. Қа­лып­тасып кеткен бей­әдеп үрдіс, етіміз де өліп кеткен бұған. Сонда ке­лін­­нің осы тойға дейін беті ашыл­маған күйде жүр­­гені ме? Жаңа түскен ке­­лін бұл шаңыраққа қа­лай енді, табалдырығын қан­­дай рәсіммен аттады? Қызық!..
Бұл бейәдеп үрдіс асабалар қауы­мына жақсы болды. Тойдан бір пайда тапса, беташардан екі табады. «Байдың асын байғұс қызғаныпты» демеңіз. Ата салтымыз­дың аяққа тапталып, мағы­насыз күйге айналып бара жатқанына қар­­ны­­мыздың ашқаны ғой. Әйт­песе, Құдайдан әр қазақтың қалталы бол­ғанын тілейтіндердің қа­та­рынан едік…

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button