Денсаулық

Айтар алғысым шексіз!

Қаладағы Оқу-емханалық орталығына қарайтын жекеменшік тіс емханасының дәрігерлеріне алғысымды айтамын! Осы емханада зейнеткер ретінде тісіме протез салдырдым. Маған ем-дом жасаған Данияр Құдайбергенов жаңа протезді әрі тез, әрі кәсіби тұрғыдан сапалы етіп салып берді.

[smartslider3 slider=3271]

 

Қуанышымды жасыра алмадым. 19 маусым – медицина қызметкерлері күніне орай бас қаладағы барлық зейнеткерлердің атынан аталған тіс емханасының бас дәрігері Жанар Қазбекқызы ­Абуоваға, стоматологтар Жақсыбек Орынбасарұлы, Самат Спабекұлы, Ақылбек Өмірзақұлы, Рүстем Берлікбайұлы, Данияр Құдайбергеновтерге, Ерман Жүнісовке, сондай-ақ Балғын Елубекова, Батима Сегізбаева, Қаракөз ­Дарипова, Сәуле Жұмабаева, Маним Ахметжанова, Тұрар Ахыновтарға ақ жүректен алғысымызды жеткізгіміз келеді. Тіс салдырушылар, тісін емдетушілер оларға үнемі ризашылықтарын білдіріп жатады. Бұл ақпаратты тілек жазған кітапшадан оқыдым.

Өмір жолын денсаулық саласымен ұштастырып, емделушілерге дәрігерлік көмек көрсетуде Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлері мен зейнеткерлерінің алғысына бөленіп жүрген осы тіс емханасының дәрігерлеріне алғыс айта отырып, ақын Мұқағали Мақатаев­тың «Болашақ дәрігерге» деген өлеңін арнағым келеді:

«…Жолың болсын, бара ғой,

 айналайын,

Айналайын, қорғаушым,

 қарғадайын!

Кәсібіңе мен сенің басымды ием,

Басымды ием, несіне

арланайын…». 

Қызметін адал атқарып, халықтың алғысына бөленіп жүрген алтын қолды дәрігер Данияр Құдайбергеновке деген алғысым шексіз. Осы тіс емханасындағы дәрігерлердің аялы алақаны мен мейірімі, кәсіби біліктілігі, ақжарқын жүздері әр науқастың дертіне шипа сыйлайды. Алтын қолды дәрігерлердің еңбегіне береке беріп, халықтың алғысына бөлене беріңіздер дегім келеді.

 

Ғалия БАЛТАБАЙ,

Нұр-Сұлтан қалалық Ардагерлер кеңесі

медиа тобы жетекшісінің орынбасары

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button