ЖаңалықтарМәдениет

АЙТУЛЫ АУДИТОРИЯДАҒЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ

Клара Толенбаева2222

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Тұңғыш Президент аудиториясында әнші, ұстаз, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Клара Төленбаеваның «Жібек сезім» атты шығармашылық кеші өтті.

Жастарды ұлттық бояуы қанық әндер арқылы өнерді құр­меттеп, рухани кемелденуге жетелеуді көздеген кеште Клара Төленбаевамен қатар оның Айдана Иманбердиева, Айнұр Өмірбекқызы, Жанаргүл Рахатқызы, Рахат Бегасылов,
Салтанат Қисатова сынды шәкірттері де өнер көрсетіп, жиналған жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Ал қызы Ақкербез Медетқызы жетіген аспабымен халықтың «Бір бала» әнін әуелете шырқағанда баланың жанды тербейтін нәзік дауысына тамсанған тыңдармандар сілтідей тұна қалғанын айтпай кетуге болмайды.

Кештің бірінші бөлімінде дәстүрлі әндер шырқалса, екінші жартысында эстрадалық бағыттағы «Нағашыма», «Қос жүрек», «Арман-ай» әндеріне кезек берілді. Сондай-ақ, Клара әндерінің жас тыңдарманы ретінде аталмыш университеттің 4-курс студенті Мәдина Қайратқызы әншімен дуэт құрып, «Жібек сезім» әнін орындады.

Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің қол­дауымен Көлік-энергетика факультетінің деканы Тыныс Бөлекбайұлы ұйымдастырған осы кездесуде жастар тарапынан әншіге өмірі мен өнер жолы жайындағы түрлі сауалдар қойылып, әдемі әңгіме өрбіді. Сұрағы ең қызықты әрі салмақты деп танылған екі студентке кеш иесі ән жинағын тарту етті.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button