Жаңалықтар

Айтулы сертификатқа ие болдық

Серік Ақшолақов, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының басқарма басшысы

Бұл апта біз үшін жағымды жаңа­лықтарға толы болды. 30 сәуір күні Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының халықаралық Joint Commission International (JCI) Біріккен комиссиясында тіркелгені туралы сертификатын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.

Бұл жетістік – сапа мен қызмет көрсету қауіпсіздігінің нақты танылған «алтын стандарты» болып табылады. Біздің орталық – JCI халықаралық Біріккен Комиссиясы аккредитациясына өз алдына ие болған Қазақстандағы тұңғыш мекеме. Бұл қазақстандық дәрігерлердің, медицина бикелері мен денсаулық сақтау әкімшілерінің жоғары әлеуетін білдіреді деп ойлаймын.

Бүгінде әлемнің 90-нан ас­там елінде 450-ге тарта медицина­лық ұйымдар JCI халық­аралық Біріккен Комиссиясында ак­кре­дитацияланған. «Рес­публикалық нейрохирургия ғылыми орта­лығы» АҚ аталған аккредитацияны алған еліміздегі екінші, ТМД-дағы үшінші ұйым. Аккредитация мәртебесі аудиторлар тобының тексеруіне сәйкес 1200 халықаралық стандарт талаптарына сәйкескен жағдайда ғана беріледі. Аталған стандарт бойынша, медициналық ұйымдағы барлық бөлімшелер мен үдерістер бағаланады. Атап айтқанда: дәрі­гердің емдеуі мен медбикенің ғимараттың қауіпсіздігіне, жұқ­палы ауруларды бақылау, меди­каменттермен жұмыс істеу, па­циенттің құқын қорғауға дейінгі жауап беруі, тағы басқалар еске­ріледі. Бұл іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Е.Орынбаев, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Төкежанов, «Назарбаев Университеті» АҚ ректор-президенті Shigeo Katsu, «НМХ» АҚ басқарма төрағасы А.Kenneth, ҚР Парламентінің депутаттары қатысты. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Халықтың денсаулығын қадағалауда алдағы уақытта да сапалы қызмет көр­сетеміз деген сенімдемін.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button