Айтыс көші Астанада
Астана қаласы әкімдігінің және Аманат партиясының қолдауымен, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағы және Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның ұйымдастыруымен аталған филармониясының концерт залында 20 аймақты қамтып келе жатқан мега жобаның кезекті айтысы өтуде.
«Бағаналы орда – Астана» атты атаумен Астана қаласы мен Алматы қаласының командалары арасында ұйымдастырылып жатқан бұл командалық айтысқа «Атын домбыра» иегері Еркебұлан Қайназар, танымал ақындар Иран-Ғайып Күзембаев, Қазірет Бердіхан, Шұғайып Сезімхан, Нұрзат Қару, т.б. және ұлттық ән-жыр мен күй өнерінің көрнекті өкілдері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Нұржан Жанпейісов, Елмұра Жаңаберген, Клара Төленбаева, Ерболат Шалдыбеков, т.б. дүлдүл өнерпаздар қатысты.
Қазылар алқасының төрағасы, «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман болды. Іс-шараның басында айтыстың жүргізушісі, ақын, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай бұл айтыстың мән –маңызына тоқталып ақындардың жыры арқылы ҚР мемлекетік рәміздерін, еліміздің жетістіктерін, ұлттық құндылықтардымызды насихаттау екендігін атап өтті.
Ал, ақындар «Әділетті қоғам», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» ұлттық жобаларының маңызын тілге тиек етіп, ұлттық бірегейлігімізді жырға қосты.
Аталмыш іс-шарада айтыстан бөлек жыршылық қабілет, әуелеген ән, күмбірлеген күй, тәлімі мол терме орындалып көрермендердің көңілін көтерді.