ЖаңалықтарҚұқық

Айыппұлды терминал арқылы төлеңіз

Енді астаналық көлік жүр­гізушілер жол қозғалыс ережесін бұзғанына байланысты салынған айыппұлдарды жылжымалы POS-терминалы арқылы да төлей алады. Бұл жүйенің артықшылығы сол, айыппұл көлеміне 50 пайыз жеңілдік жасалады.

терминал1

Биылғы сәуір айының аяғынан бастап, пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция бөлінісі мен Әкімшілік полиция қызметкерлері терминалдармен жұмыс істеу жөнінде оқу курстарынан өтті. Енді мамыр айынан бері POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақшасыз айыппұлдарды төлеуге болатынын естеріңізге саламыз.
Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы автоматизация және электронды қызмет көрсету бөлімі бастығының айтуынша, аталған пилоттық жоба тек Астанада ғана жүзеге асырылуда. Бұл амалдар әкімшілік айыппұлдардың тәркілеуін арттыруға, жүргізушілердің уақытын үнемдеуіне және де басқа да ыңғайлы жағдайларды жасауға мүмкіндік береді.
Алғашқы жеті күннің ішінде сол жерде айыппұл төлейтін жүргізушіге 50% жеңілдік жасалады. Терминал арқылы төлегені үшін комиссия мөлшері айыппұл сомасының 1,5 пайызын құрайды. Айталық, айыппұл мөлшері 5,250 теңге болса, алынатын комиссия – 79 теңге деген сөз.
POS-терминалдар сырттай сенсорлы теле­фондарға ұқсайды. Оларды пайдалану оңай: хаттаманың нөмірі мен айыппұл мөлшерін енгізу керек, ал басып шығарған кезде комиссия мөлшері көрсетіледі. Терминалдарды зарядтаудың қажеті жоқ, әр күннің аяғында қондырғылар автоматты түрде қанша чек шығарылғанын, енді қанша чектік лента қалғанын есептеп шығарады.
Төлем төлеудің мұндай тәсілі жүргізушілерге де тиімді. Олар банктерде ұзық-сонар кезекке тұрмайды, уақытын үнемдеп, айыппұлды жылдам төлеуге мүмкіндік алады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button