Ел тынысы

Академик Қаныш Сәтпаевтың 125  жылдығына арналады

12 сәуір күні Назарбаев Университетінде «ЖАС ҒАЛЫМ – VІ»  атты конференция өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Қазақ тілі және Түркітану» Департаменті және Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қоғамдық қорының  ұйымдастыруымен  өткізілетін республикалық дәстүрлі ғылыми конференция академик Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125  жыл толуына арналады.

Конференцияға Қазақстанның 21 университеттерінен 70-тен астам спикер және студенттер қатысады.   Конференция қазақ тілінде өтеді, пленарлық және секциялық мәжілістері ағылшын және орыс тілдеріне аударылады.

Конференция мақсаты  – студенттердің   қазақ тілінде академиялық ғылыми ізденістер жүргізу дағдыларын қалыптастыру және дамыту;  Жастар арасында қазақ  тілінің мәртебесін арттыру; Қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу арқылы жастардың бойында тұлғалық белсенділігін дамыту; Еліміздің ЖОО студенттері арасында интеграциялық қарым-қатынасты дамыту.

Симпозиумның басты спикерлері:

Таңат Аяпова – филология ғылымдарының докторы, Абай ат. ҚазақҰПУ профессоры, Қазақстан Ғалым әйелдер қоғамының президенті, Алматы

Молдияр Ергебеков – PhD., Ахмет Ясауи ат. ХҚТУ, Журналистика кафедрасы қауымдастырылған профессоры, Түркістан

Азамат Ешмұхаммедов – Назарбаев университетінің «Робототехника» департаментінің ғылыми қызметкері, Астана

Анар Салқынбай – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ, Қазақ тілі оқытушылары халықаралық қоғамдық бірлестігінің президенті

Сәуле Иманбердиева – ф.ғ.д., профессор,  С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агро-техникалық зерттеу унивеситеті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button