Басты ақпаратБілім

Академиядағы кездесу

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарымен және докторанттарымен кездесті. Бұл туралы қала әкімі мәлім етті.

[smartslider3 slider=723]

«Мегаполистердің дамуы қалада жайлы өмір сүруге және адами капиталға тікелей байланысты. Адам – қалаларды дамытудың басты күші. Елордамызда білім алуға, кәсіби тұрғыда өсуге, отбасын құруға барлық жағдай жасалған. «Ашық микрофон» режимінде Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарымен және докторанттарымен кездестім. Олардың әрқайсысының мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі, мемлекеттік басқару саласын өзгертуге көзқарасы, ең бастысы, елдің дамуына үлес қосуға ниеті бар. Кездесуде елорданың дамуы, әлеуметтік бағыттар (әлеуметтік тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар, мәдениет, спорт нысандары және тағы басқалары) туралы айтып бердім» деді қала басшысы.

Сондай-ақ әкім «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспарының бағыттарына бөлек тоқталды. «Елорда ең алдымен жаяу жүргіншілерге жағдай жасай отырып дамып келеді. Ол үшін соңғы екі жылда 400-ден астам қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды» деп түсіндірді ол.

Алтай Көлгінов кездесуде студенттердің тайм-менеджмент, қала құрылысы, елорданы дамытудың алдағы жоспары туралы сұрақтарына жауап берді. «Мұндай кездесулер пікір алмасуға, халықпен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. «Ашық микрофон» форматындағы кездесулерді әрі қарай да өткіземіз» деді қала басшысы.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button