ҚоғамТағзым

ӘКЕ МЕН БАЛАНЫҢ МАЙДАН ЖОЛЫ

Естеріңізде болса, Ұлы Отан соғысы кезінде әкесі мен баласы бір майданда шайқасқаны туралы екі фильм болды. Бірінде грузин шаруасы Георгий Махарашвили баласын госпитальға іздеп келеді. Алайда баласы сауығып, қайтадан майданға аттанғанын

23

Содан кері қайтпай, қолына мылтық алып қан майданға түседі. Әскермен бірге Германия­ға да жетеді. Жау шебінде бірге соғысып, бір үйдің екі шетінде тұрып тек үндесудің сәті түседі. Сол шайқаста ауыр жараланған баласын қарт Махарашвили өз қолымен жерлейді. Екінші фильм Михаил Шолоховтың «Адам тағдыры» атты шығармасы негізінде түсірілген. Соғыс қаһарманы барлық бейнетті басынан кешіріп Германияға жетеді. Жеңісті күнде баласының қайтыс болғаны туралы хабар жетеді. Өкініштісі, әкелі-балалы екеуі де бір жерде шайқасып жүргенінен хабарсыз екен.

Ал біз әңгіме еткелі отырған әкелі-балалы екі солдаттың тағдыры мүлдем басқаша болды. Олардың дерегін астаналық Сарбиназ Әлібекова біздерге жеткізіп, майдангер атасы мен әкесі туралы естелік-құжаттарымен бөліскен еді.

– Менің атам Әбдумажит Ахметов 1942 жылы 5 қазанда майданға шақырылады. «Қызыл жұлдыз» орденді №216 минадан тазарту жеке отрядында минер болып соғысқан. Бас қолбасшы И.Сталиннің бұйрығымен Калинкович қаласын, Ковель қаласын, Висла, Одер өзендеріндегі неміс қорғанысын бұзып өтудегі ұрыстарға қатысқаны үшін Берлиннің оңтүстік-шығыс бағытындағы жауды жоюдағы ұрыстарға қатысқаны үшін алғыстар беріледі. 1945 жылы қыркүйекте армия қатарынан босап, елге оралады.

45345345

Ал баласы Махмуд Мәжитов әкесінен кейін, бір айдан соң 1942 жылдың желтоқсанында майданға аттанады. 1945 жылдың желтоқсанына дейін Қызыл Армия қатарында байланысшы болып соғысыпты.

35435

Атам мен әкемнің майдан жолдары тоғысып отырған және бір шайқастағы ерліктері үшін бір бұйрықпен марапатталған. Мысалы, әкемнің Калинокович қаласын азат еткені үшін Сталиннің алғысын атам да алған. Ордер өзені үшін шайқаста ерлігі мен Берлинді алғаны үшін де бір бұйрықпен әкелі-балалы бірге марапатталады. Махмуд Мәжитовтың майдан жолдары – Бобруйск, Барановичи, Слоним қалалары үстімен өткен екен. Беларуссия, Польша шекарасындағы Нарев өзеніне де өтіп, Пленьск, Млава, Дзялбово, Старгард, Гнев, Гдансьск, Пазевельск, Штрасбург, Темперн, Штаральзунт, Гримен, Леммен, Мальхин, Варент, Визенбарг қалаларын артқа тастайды. Балтық теңізіндегі ірі порттары мен әскери-теңіз базалары Росток пен Варнемюндені алғаны үшін, Варт қаласы, Шгральзуддерсорвассер қаласы мен Ригель аралдарын неміс басқыншыларынан азат еткені үшін марапаттары бар.

543543

Осыншама Еуропа қалаларын білмес пе едік, бірақ әкеміз, осы елді мекендерді жаяу басып жүріп өтіпті. Оның дәлелі артында қалған құжаттары, – деп Сарбиназ әңгімесін аяқтады. Махмуд Мәжитовтың барлық құжаттарына мұқият болғанының бір себебі оның соғыстан кейінгі жылдары бас есепші болып қызмет атқаруымен де байланыстыруға болады. Соғыс жылдарының құжаттары осылайша сақталып, тарихтың жәдігеріне айналып отыр.

3454354

– Әкем анам Шарапатпен бірге 10 бала тәрбиелеп өсірді. Алайда ғұмыры қысқа болып, 49 жасында дүниеден өтті. Бүгінде атадан жалғыз болған әкеміздің 43 немере, 75 шөбере, 4 шөпшегі еліміздің әр түкпірінде өмір сүріп жатыр, – дейді Сарбиназ Әлібекова.

354352

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button