Жаңалықтар

Әкелер слеті өтті

Астанадағы №59 мектеп-лицейде «Қауіпсіз балалық шақ – келешектің кепілі» атты дәстүрлі ІІІ Әкелер слеті өтті. Астана қаласы Білім басқармасы мен Әкелер одағы ұйымдастырып отырған бұл іс-шараға мемлекеттік ұйым өкілдері, мектеп оқушыларының әкелері қатысып, әкенің бала өміріндегі айрықша рөлін атап өтті.

Слетте Әкелер кеңесі одағының төрағасы Қуаныш Жұматаев 2012-2013 оқу жылы барысында өткізілген іс-шараларға есеп беріп, келесі жылғы оқу жылына бағдар жасады. Жиын барысында әкелердің ұсыныстары мен талап-тілектері тыңдалды. Бұл игілікті іс-шара келешекте де өз жалғасын таппақ.

Жанар САЛЫБАЙ, студент

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button