Басты ақпарат

Әкім елшілермен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бірқатар елдердің елшілерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

[smartslider3 slider=1103]

«Шетелдік елшілермен және шетелдік компаниялардың өкілдерімен өткізілетін кездесулер бірлескен жобаларды іске асыруға, сол арқылы елорданың экономикасына жеке инвестицияларды тартуға, жұмыс орындарын құруға, қала тұрғындары мен қалаға қажет жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді» деп мәлімдеді елода әкімі Алтай Көлгінов.

Мәселен, қала басшысы БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі д-р Мұхаммад Саид Әл-Арики және Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Б.Сүгірбаевпен бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын талқылады. «Бірлескен жобаларымыздың қоржынында халықаралық «Sabis» мектебі және IT-бағыттағы «TamosSpaceSchool» мектебі секілді жекеменшік мектептердің құрылысы бар. Соңғысы оқу жылының басында оқушыларға есігін айқара ашты. Сондай-ақ бірқатар салалардағы ынтымақтастық талқыланды» деді әкім.

Бельгияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Вантигеммен – қоршаған орта, су ресурстарын басқару салаларындағы әлеуетті жобаларды, «жасыл» сутекті пайдалану жөніндегі ықтимал жобаларды бірлесіп іске асыру мәселесі талқыланды. «Қырғызстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Д.Дюшекеевпен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы жеке инвестицияларды тарту бойынша қолайлы ахуал жасауды бақылауда ұстайды. 10 ай ішінде 900 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылды» деп сөзін түйіндеді Алтай Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button