Ел тынысы

Әкім гранты бөлінді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында педагогикалық, медициналық мамандықтар және гуманитарлық пәндер бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарының тізбесі жарияланды. Биыл бұл бағыттарға 1200-ге жуық әкім гранты бөлінді.

[smartslider3 slider=3407]

 

Білім гранты тізім бойынша педагогикалық мамандықтарға – 1 050 орын;  медициналық мамандықтар бойынша – резидентураға 128 орын;  гуманитарлық пәндер бойынша исламтану, теология, дінтану 15 орын беріледі.

Қала әкімінің білім гранты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысының 2-тарау 11-тармағына сәйкес беріліп келеді. «Білім гранты жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқу мерзімдері көзделетін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша беріледі» делінген қалалық Білім басқармасы таратқан хабарламада. Білім басқармасының таратқан мәліметтеріне сәйкес гранттар мынадай талаптарға ие азаматтарға беріледі:

– ұлттық ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» саласы бойынша кемінде 70 балл;

– басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» саласы бойынша кемінде 70 балл жинағандар жіберіледі. Ал медициналық мамандықтар бойынша резидентураға жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін мына сілтеме арқылы өтініш беруге болады: – https://amu.edu.kz/ru/poslevuzovskoe-obrazovanie/rezidentura/rezidentura-dlya-postupayushchikh/.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button