Sport

Әкім кубогын сарапқа салды

Елордада «Алтын тұлпар» манежінде ат спортынан тұңғыш рет Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы өтті. Додаға 48 шабандоз қатысты.

[smartslider3 slider=2271]

 

Жарыс төрт категорияға бөлінген. Алдымен бастауыш шабандоздар мен атқа мінуді енді меңгерген жасөспірімдер биіктігі 60-70 см кедергілерді бағындырды.

Жасөспірімдер арасында Амира Кабжанова ең көп ұпай жинап, 1-орынды жеңіп алды. Ал күміс алқаны Адия Қуат иеленсе, жас шабандоз Услима Қуат қоланы місе тұтты. «Бастауыш шабандоз» санатында Карима Мұрзабекованың аты озып, жеңімпаз атанды. Томирис Касаева екінші, Тамила Жанғалиева үшінші орын алды.

Екінші кезеңде «әуесқойлар» өзара үздікті анықтады. Биіктігі
80 см кедергіні оңай еңсерген Наталия Гартман алтыннан алқа тақса, сәл ғана ұпай айырмасымен Айнагүл Мұңайтбасова екінші, Бота Данияр үшінші орынға тұрақтады.

Үшінші «жас шабандоздар» категориясында 23 жасөспірім бақ сынады. Синхронды байланыс орната алғандар биіктігі 100 см кедергіні оңай еңсерді. Әр тапсыр­маны сәтті орындап, толық ұпай жинаған Камалидин Дуппаев алтын медаль иеленді. Екінші орынға Лаура Алдабергенова тұрақтаса, қоланы Айзере Нұрқасым жеңіп алды. Ал төртінші «Ашық класс» санатында шеберлер өз күші мен атының бабын сынға салды. Биіктігі 120 см кедергілерден өтіп, көрермен ықыласына бөленгендер көп болды. Әрбір кедергіні сәтті бағындырған Ержан Мағжаев кубок иегері атанса, Спандияр Файзуллаев күміс медаль алды. Ал Райса Соколенко үздік үштікті түйіндеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button