ЖаңалықтарҚала мен Сала

ӘКІМ КУБОГЫНА АПАРАР ТАҢДАУ

6959b8226bee18321093ffd31bc

«Астана Таңдауы – 2014» байқауына қатысушылардан өтініштер қабылдау аяқталды. Сәуір айынан бастап 31 мамырға дейін жеті аталым бойынша өтініштер қабылданды.

Ал 1 маусымнан бастап Астана қаласы әкімдігінің сайтында педагогтар, дәрігерлер, жол салушылар, энергетиктер, жолаушылар көлігінің жүргізушісі, учаскелік инспек­тор мен құры­лысшылар арасында үздік­терді анықтау бойынша ашық дауыс беру басталып кетті. Объективті дауыс беруді қамтамасыз ету үшін әрбір елорда тұрғыны Астана қаласы әкімдігінің сайтында бір электронды мекенжайдан бір ғана дауыс бере алады. Осылайша, дауыс берудің нәти­же­сінде мамандықтар бойын­ша нағыз көшбасшылар анықталады.

Қазіргі уақытта ұйымдас­тыру­шы комитетке 250 өті­ніш келіп түскен. Әр аталым бойынша үздіктер 1-20 маусым аралығында Астана әкім­ді­гінің www.astana.gov.kz сайтында таңдалады.

«Астана Таңдауы» бай­қау­ы­­ның жеңімпаздары халықтың танымына ие болады. Ал үздік болған мамандарға Астана қала­сы­ның әкімі кубок табыс етеді. Соны­мен қатар, жеңімпаздарға басқа да көптеген тосын сыйлар ұсынылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button