Басты ақпаратҚала тіршілігі

Әкім онлайн-қабылдау өткізді

Қала басшысы Алтай Көлгінов апта сайын тұрғындарды онлайн қабылдайды. Мұндай кездесулер көптеген түйткілді мәселелердің жауабын алуға мүмкіндік береді.

[smartslider3 slider=137]

«Тұрғындарды апта сайын қабылдаймыз. Жуырда жеке қабылдауға жазылған 12 адамды қабылдадым. Шамамен 30 сұрақ қамтылды. Негізгі мәселелердің қатарына тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, әлеуметтік, медициналық көмек көрсету, елді мекендерді дамыту, жұмысқа орналасуға көмектесу, абаттандыру мәселелері және тағы басқалар жатады. Осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз» деп мәлім етті Алтай ­Көлгінов.
Елорда әкімі қабылдауда қоғамдық кеңістік мәселесінің көтерілгенін айтты. «Қабылдауда қоғамдық кеңістіктер мәселесі де көтерілді. Қала тұрғындардың қатысуымен дамуда. Мысалы, «Бюджетке қатысу» жобасы аясында биыл 50-ден астам аула абаттандырылды. Жобаға қаланың барлық аудандары қатысады. «Бюджетке қатысу» жобасы тұрғындарға ауласының қандай болатынын шешуге мүмкіндік береді. Екі жылдың ішінде қалада 400 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) салынды» деді қала басшысы.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button