Жаңалықтар

Әкімдік 1300 грант бөледі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі биыл педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға 1300 грант бөледі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

[smartslider3 slider=2595]

«Апта сайын тұрақты түрде азаматтарды қабылдап тұрамыз. Аудандарымыз бен елді мекендерімізді аралап, тұрғындармен кездесеміз. Осыған дейін айтқанымдай, қала тұрғындарынан келіп түсетін негізгі сұрақтардың бірі – тұрғын үй мәселесі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік пәтерлерді салу көлемі едәуір артты. Тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар санаты кеңейтілді, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы енгізілді, тұрғын үй сертификатының сомасы ұлғайды және тағы басқалары бар» деді қала басшысы.

Сондай-ақ әкім жоғары білім алу да жүйелі мәселелердің бірі екендігін атап өтті. «Алдағы жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға жалпы саны 1300 грант бөлуді жоспарлап отырмыз. Ал оқуын тәмамдағаннан кейін оларды жұмысқа орналастыру мәселесімен айналысамыз. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы ұстаздар мен медицина қызметкерлеріне жағдай жасауға және оларға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөледі: жалақы мөлшері артып келеді, біліктілікті арттыру бағдарламалары енгізіліп жатыр, медициналық және білім беру орталықтарының желісі кеңеюде» деді Алтай Көлгінов.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button