Жаңалықтар

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елорданың жол сақшылары, үш күн ішінде 19 жүргізушіні ұстап, медициналық тексеруге жеткізген, оның 17-сі мас күйінде болғаны анықталды.

[smartslider3 slider=3475]

 Нұр-Сұлтан қалалық По­­­ли­ция басқармасының мәліметінше, ҚК-тің 346-бабымен көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын айдағаны үшін 1 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық тұраққа 18 автокөлік жөнелтілді.

«Бір тәулік ішінде «Сергек қорғау» көмегімен елорда жолдарында 238 жүргізушіге айыппұл салынды. Сонымен қатар, жалған мемлекеттік нөмірмен айдағаны үшін 2 жүргізуші ұсталды, 39 тұрғын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, 40-ы сақтандыру полисі шартын жасамаған болып шықты. Іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жалған нөмірлері бар «БМВ 525» маркалы автокөліктің 34 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Тәртіп бұзушы ӘҚБтК-тің 590-бабы 4-бөлігі бойынша көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды» деп жазды ведомстводан.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button