Қала мен Сала

Әкімшілік жазаға тартты

Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы «Железнодорожный» тұрғын үй алабында орналасқан Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша бас мердігері «Байсын-А» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Мұндай тексеріске қалалық Құрылыс басқармасының бас мердігердің техникалық құжаттаманы тиісінше жүргізбеуіне, құрылыс процесінде анықталған кемшіліктерді уақтылы жоймауына, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы саласында белгіленген заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтік талаптардың бұзылуына және ауытқуына жол берілген жұмыс жүргізу кестесінен қалып қоюына қатысты хаты негіз болған.

[smartslider3 slider=995]

Тексеруші мамандар жергілікті жерге барып, құрылысқа қажетті құжатртарды тексергенде «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын өрескел бұзушылықтар анықталған, яғни құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың түрлері мен нысандары сақталмаған, сондай-ақ нысанның құрылысы мердігердің міндеттеріне кіретін нормативтік құжаттарда көзделген атқарушы техникалық құжаттаманы тиісінше ресімделмеген.

Тексеру нәтижесі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу сапасын сақтамағаны, нысандарды тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде нормативтік құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзғаны үшін және Қазақстан Республикасы заңнамасының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс-монтаждау саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы  іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындағаны үшін аталған мердігерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 315-бабы және 312-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында «Байсын – А» ЖШС-не қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі-ҚР ӘҚБтК) 312-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізілгені де ескерілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button