Мәдениет
Актерлер күреседі

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен театрлар арасында «Театр барысы» республикалық турнирі өтеді.
28 наурыз сағат 16:00-де болатын турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.
Жарысқа еліміздің 17 облысындағы театр және кино актерлерімен қоса жалпы есепте 48 актер қатысады. Жоба авторы – Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, театр және кино актері, үш дүркін «Өнер барысы», Музыкалық жас көрермен театрының актері Асылхан Төлепов.