Жаңалықтар

Акция аясында – тегін заң көмегі

54e1d124bf5a7

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жыл­ды­ғына орай «Әділет кеңес береді» үш күндік акциясы өтті. 

Іс-шара аясында қалалық Әділет департаментінде құрамына білікті заңгерлер мен адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары мен басқа да жауапты қызметкерлер енген ақпараттық-насихаттық топ жұмыс істеп, заңгерлік кеңестер берді, қажетті құжаттарды толтыруға көмектер тегін беріледі.
Бұл акция екінші рет «Пригородный» алабының тұрғындарына, Астана қаласының Медициналық-әлеуметтік мекемесіндегі қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, сонымен қатар ЕЦ-166/1 және ЕЦ-166/10 мекемелеріндегі сотталғандарға, Сарыарқа ауданының ардагерлеріне және Есіл ауданының Халыққа қыз­мет көрсету орталығына жиналған азаматтарға арналып өткізілді.
«Әділет кеңес береді» акциясы аясында қойылған сұрақтар да әртүрлі болды. Бірнеше адам жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш жазып, оларға бос орындар ұсынылды. Дегенмен, елордалық Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары А.Баймолдин жұмысқа орналасуды қалайтындарға алдымен Бейбітшілік көшесі 25-үйде орналасқан Жұмыспен қамту орталығына баруға кеңес берді. Онда келіп, тіркелгендерге мамандығына сәйкес жұмыс ұсынылады, кейде оңтайлы кәсіп табылып та жатады.
Сондай-ақ, мүлікті заңдастыру, жылжымайтын мүлікке құжат даяр­лау, бала асырап алу, тіркеу ісінде анықтама беру, қазақстандық аза­маттықты алу, азаматтық акті­лерді тіркеу секілді сауалдарға да толыққанды жауап берілді.
Кездесу барысында азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу, жеке құрылыстарды бұзу және оларға берілетін қаржы, жеке мүлікті заңдастыру тәртібі, сонымен қатар жоғалған құжаттарды қайта қалпына келтіру, жылжымайтын мүлікке қайта құқық иелену тәртібі, баспана алу және коммуналдық қызмет көрсету кезінде берілетін жәрдемақылар секілді сауалдар көбірек қызықтыратыны байқалды.
Акция кезінде қойылған сауал­дардың барлығына ақпараттық-насихат тобының өкілдері тарапынан толыққанды жауаптар беріліп, қажетті құжаттарды даярлауға және сотқа арыз беруде көмек көрсетілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button