ЖаңалықтарҚала тіршілігі
Әл-Фараби даңғыл кеңейеді
Р.Қошқарбаев пен әл-Фараби даңғылдарының Иманақ көшесіне дейінгі аралығы уақытша жабылады. Бұл аумақта жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әл-Фараби даңғылының жүру бөлігін кеңейту жұмыстары жүргізіледі.
[smartslider3 slider=415]
Әл-Фараби даңғылының жүріс бөлігін кеңейту шеңберінде Р.Қошқарбаев даңғылы мен әл-Фараби даңғылының қиылысында орналасқан көлік айырығынан Иманақ көшесіне дейінгі учаскеде («Железнодорожный» ТМ) теміржолдарды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты осы жылдың 25-28 қазан аралығында көрсетілген учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.
Осы жұмысқа байланысты қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.