ЖаңалықтарҚала тіршілігіМәдениет

АЛА ЖАЗДАЙ БИ БИЛЕП

LATINO-PARTY-737x1024

Өткен сенбіде «Астана Опера» театрының алаңында тұңғыш «Evolution Summer Fest-2014» aтты қалалық би фестивалі өтті.

Онда Астана би мектептерінің шә­кірттері өнер көрсетіп, хореографтар қала тұрғындарына шеберлік сабақтарын жүргізді. Шара ұйымдастырушылары – «Форсайт» әлеуметтік-дамыту қоры. Алғашқы фестиваль латынамерикалық билер мәдениетіне арналды, алдағы уақытта жаз бойы «Астана Опера» алаңынан әлем халықтарының биін, заманауи билерді, шығыс билерін тамашалай аласыздар. «Театр алдындағы алаң ашық аспан астында мәдени іс-шараны өткізу мақсатында салынған болатын.

Енді жаз бойы астаналықтар осы алаңда би фестивальдерінің, түрлі концерт­тердің куәсі бола алады», дейді «Астана Опера» баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әскербекқызы.

Айжан ҚАСЫМОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button