Жаңалықтар

Алакөлге пойыз жүреді

Биылғы жылдың 2 шілдесінен бастап астаналықтар Алакөлге пойызбен бара алады. Астана-Үрімші бағытына қатынайтын пойызға «Астана-Достық» бағытындағы қосымша вагондар тіркеледі. Осылайша Алакөлге демалғысы келетіндерге жаңа мүмкіндік туып отыр.

Алакөл

Бұл бағыттағы вагондар аптасына бір рет қатынайды екен. Астанадан сенбі күндері жүрсе, Достық бағытынан кері оралатындар сейсенбі күні пойызға отыра алады. Орайы келгенде айта кетейік, Алакөлге қатынайтын вагондар тек жаз уақытында ғана тіркеледі. Жолаушылар тасымалын «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы атқарады. Инвес­тиция және даму министрлігі баспасөз қызметі атап өткендей, мұндай жаңа өзгеріс ішкі туризмді дамытуға ық­палын тигізіп қана қоймай, Алакөл курорттық аумағына халықтың қатынауын оңайлата түседі.
Ал келесі жылы Алакөлге бару бұдан да жеңілдейтін болады. Көлге таяу Үшарал қаласындағы әскери әуежай қайтадан жабдықтаудан өткізілмек. Сол кезде Алакөлге туристерді жеткізу әрі қолайлы әрі жедел жүзеге асырылады.
Алакөл – еліміздегі туризмнің ең басым бағыттарының бірі. Сондықтан оның жағалауында жаңа қызмет көрсету орындары, қонақ үйлер, демалыс аумағы және басқа нысандар салына бастаған.

Меңдолла НҰРЫМҰЛЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button