Әлеумет

АЛАКӨҢІЛ АНА АРАША ТІЛЕЙДІ

Редакциямызға сырқат қызының еміне көмек сұраған жалғызбасты ана Анар Молдахметовадан хат келіп түсті. Дәрігерлердің айтуынша, бес жасар Мәдинаны цереберальды сал ауруынан сауықтыруға әлі де мүмкіндік бар. Алайда, Анардың қолы қысқалық етіп, ақпарат құралдары арқылы жанашыр жандардан көмек сұрап отырған жайы бар. Қамыққан жанның жанайқай хатын сол күйінше беріп отырмыз:

komek«…Қызым цереберальды сал ауруына шалдыққан, яғни, астатикалық формадағы атоника, психикалық-сөйлеу қабілетінің жетілуінде кешігушілік бар. Әрине, ол емделеді, бірақ ұзақ уақыт пен қыруар қаржыны қажет етеді екен. Балапаным дәрісіз отыра алмайды, үнемі ем-домға ақша керек, бала өскен сайын оның да бағасы біртіндеп ұлғайып келеді. Қызым көңілді, зерек, балалармен ойнағанды жақсы көреді. Алайда, қозғалыс жағынан мүмкіндігі шектеулі, орнынан таянып тұрғанымын, аяғын тең басып жүре алмайды. Сонымен қатар, тілі күрмеліп, сөйлеуге қиналады. Дәрігерлердің байқауынша, балаға қазіргі жағдайында тұрақты әрі ұзақ мерзімді ем-шара жүргізсе, өзін-өзі алып жүретіндей, тілі шығатындай халге келуі мүмкін. Бірақ, емдеу кешіккен сайын, денсаулығын қалпына келтіру де күрделене беретіні анық.

Мен бұрын мемлекеттік қызметте болғанмын, ол жерде уақытыңмен санаспайды, тәулік бойы жұмыстан босамай қалатын кездер жиілеп кетті. Басымдағы қиындыққа қарамай, «ешқандай сырқатыңа, отбасылық жағдайыңа байланысты сұрану болмасын немесе жұмыстан кетіңіз» деген қатаң талап қойғаннан кейін жұмыстан шығуға тура келді. Ең алдымен – анамын ғой, баламның денсаулығын бірінші кезекке қойдым.

Жұбайыммен ажырасқанымызға төрт жылдай өтті, ауру баламызбен екеуміз жалдамалы пәтерде өлместің күйін кешудеміз. Әкесі айына 9000 теңге көлемінде алимент төлейді, оған қоса мемлекеттен 42000 мың теңге жәрдемақы аламын. Бас-аяғы 51000 теңге айлық табысымыз қайдан жетсін, 25000 теңгесін пәтер иесіне санап береміз. Бірнеше мәрте жұмысқа тұрмақшы боп талаптанып көрдім, бірақ ала қояйын деген ешкім болмады.

Жан бағу үшін ерлі-зайыпты болған кезде алған заттарымызды, тіпті, баланың ойыншығына дейін сатып бітірдім. Бірнеше мәрте республикалық ауруханаларда ем алдық, дегенмен нәтижесі көңіл көншітпейді. Тағы бірнеше клиника өз қызметтерін ұсынуда. Әттең, қызымды алып, құстай ұшып баруға тағы да қаржының қаттығы қолбайлау боп тұр.

Балам өмір-бақи мүгедек боп қалуы мүмкін екенін ойласам, тамағыма өксік тығылады. Бар үмітім сіздерде, пейілі кең, жүрегі жұмсақ жандар! Қолдарыңыздан келгенше көмек көрсетулеріңізді сұраймын. «Тамшыдан теңіз құралады» дейді ғой, біріксек, періштедей қыздың басқа салған ауыртпалықтан айырылып, пәкизат күлкісін, шадыман шаттығын көруге жазар еді. Бір-бірімізге бауырмал, жалғызын мұңайтпаған, жарлысын жанына алған халық едік қой. Мені басымдағы қайғыға жұтқызбай, жұрт болып жұмылуларыңызды қалаймын!»

Анар МОЛДАХМЕТОВА
Ұялы тел: 8-701-933-55-59
Үй тел: 8 (7172)-38-59-74

Реквизиттері:
Молдахметова Анара Маратовна
Ағымдағы шот: KZ23998BTB0000199589
ЖСН: 090613650857
Кбе: 19
БИК: TSESKZKA
«Цеснабанк» АҚ астаналық филиалы

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button