Ел тынысы

Алалап күресу мүмкін емес

Біз әр екі-үш жыл сайын тексеру жүргіземіз. Әр тексеру сайын жемқорларды қамап жатамыз. Жемқорларды соттап тауысамыз дегенше сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін алып тастау керек.

[smartslider3 slider=2001]

Бұл үшін осы саладағы сарапшылармен, субсидия алушылармен көбірек сөйлесу қажет. Бұл субсидия ғана емес, бүкіл мемлекеттік сатып алу ісіне қатысты. Бізде бюджеттің екі проблемасы бар. Бөлінген қаржыны игермеу деген ауру бар немесе бағаны жасанды түрде көтеруді айтуға болады. Бұл мәселеде бюджеттік жоспарлаумен айналысатындардың жауапкершілігіне де байланысты.

Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен құртқан бірде-бір ел жоқ екені түсінікті. Бірақ оны барынша азайту біздің қолымызда деп ойлаймын. Ең бастысы – бұл күреске жұрттың қалай атсалысатынында. Сыбайлас жемқорлық өзімізбен бетпе-бет келсе, көз жұмуға дайынбыз. Көбіміз кезекті жылжыту сияқты ұсақ-түйек саналатын мәселелерде пара беруден тартынбаймыз. Ал дәл сондай өзгелердің пара беруі немесе алуы бізге зардап тигізсе, басқаша сайрап шыға келеміз. Жемқорлықпен алалап күресу мүмкін емес.

Айдос САРЫМ,

Мәжіліс депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button