Sport

Аламан жарысқа аттанды

Алдағы қазан айында Қазақстан жерінде тұңғыш рет олимпиадалық спорт түрінен әлем чемпионаты жала­уын көтермек. Атап айтқанда, 14 – 26 қазан аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт сарайында бокстан ересектер арасындағы әлем біріншілігі өтеді. Айтулы бәсекеге төрткүл дүниедегі 118-ден астам елдің былғары қолғап шеберлері қатысатыны күтіліп отыр. Бұл күндері Қазақстан ұлттық құрамасы осы дүбірлі додаға қызу дайындық жасауда. Әлем чемпионы атағы үшін таласатын он боксшының қатарында астаналықтар да бар. Ел намысын қорғауға аттанған Ілияс Сүлейменов, Мерей Ақшалов және Данияр Елеусінов сынды сайыпқыран спортшыларымызға сәттілік тілейміз.

Ілияс СҮЛЕЙМЕНОВ
21.12.1990 ж.т.
Салмағы: 52 келі.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бапкері:
Ақылбек Нұрмағамбетов.

Қазақстан чемпионы – 2010, 2012 ж.ж.
Әскерилер арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері – 2010 ж.
Азия чемпионатының финалисі – 2011 ж.
Лондон олимпиадасына қатысушы – 2012 ж.
ҚР Президенті кубогы және басқа да халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

 

 

 

 

Мерей АҚШАЛОВ

08.05.1988 ж.т.
Салмағы: 64 келі.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бапкері:
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Жанат Манашев.

Қазақстан чемпионы – 2012 ж.
Азия чемпионы – 2013 ж.
Әскерилер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы – 2010 ж.
Бейжің олимпиадасына қатысушы – 2008 ж.
ҚР Президенті кубогы және басқа да халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
«Аstana arlans» кәсіпқой бокс клубы сапында WSB чемпионатының финалисі.

 

Данияр ЕЛЕУСІНОВ

13.03.1991 ж.т.
Салмағы: 69 келі.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бапкері:
ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Марат Елеусінов
Қазақстан чемпионы – 2010, 2011, 2012 ж.ж.
Азия ойындарының жеңімпазы –2010 ж.
Азия чемпионы – 2013 ж.
Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері – 2008 ж.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы – 2006 ж.
Лондон олимпиадасына қатысушы – 2012 ж.
ҚР Президенті кубогы және басқа да халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

 

 

 

 

 

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button