ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Алақай, «Агроқалашыққа» газ келді!

Елорда маңындағы «Агроқалашық» елді ­мекенінің тағы бір бөлігі газға қосылды. Атап айтқанда, Дүйсенбаев, Қарталы, Бөкеев көшелері мен Тілендиев даңғылының тұрғындары газ құбырына қосылуға мүмкіндік алды.

Енді тұрғындарға «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамына өтінім берсе жетіп жатыр. Тұрғындарға газға қосуға тиісті өтінім беру үшін Республика даңғылы, 24 мекенжайындағы «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамына жүгіну қажет. Немесе +7 (7172) 55-89-75 (ішкі нөмір 1530, 1527) телефоны арқылы қосымша ақпарат алуға болады.

Осы айда алаптағы Потанин мен Мәскеу көшелері маңындағы сектор «көгілдір отынға» қосылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button