SportЖаңалықтар

«АЛАУ» айдыны шақырады

Сенбі күні Астанадағы «Алау» мұз айдынды сарайы жаңа маусымын ашты.

Бұл күндері «Алау» айдыны бүкіл әлемге танылған нысандардың бірі болып отыр. Бұл айдында бірнеше құрлық чемпионаттары мен Әлем кубогы жарыстары өтті. Тоғыз рет Азия және әлемдік рекордтар орнатылды.
Міне, осындай халықаралық стадионда қарапайым халық үшін де қызмет көрсету дәстүрі қалыптасқан. Осы орайда «Алау» әр аптаның жұма күндері сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін келем деушілерге есігін айқара ашады. Келушілерге арналған жаңа кесте жасалатын болады. Мұз айдында сырғанаудан басқа да спорт түрлерімен шұғылдану қызметтері көрсетілетін болады. Ал, ең бастысы бұрынғы бағалар тарифі сақталады» деп хабарлады «Алау» мұз айдынды сарайдың баспасөз қызметі.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button