Sport

«Алау» мұз айдыны сарайында шахматтан халықаралық турнир өтіп жатыр

Елордада әр түрлі жастағы шахматшылар халықаралық жарыста шеберлік байқасуда. «Х. С. Омаров мемориалы – 2016» жарысы 19 шілдеге дейін жалғасады.

Жалпы, қатысушылар саны – 200 адам, соның ішінде 70-сі – ересек. Ашық турнирге түрлі мемлекеттерден келген гроссмейстерлер де қатысуда. Балалар екі санат бойынша сайысқа түседі – 6-дан 10 жасқа дейін және 10-нан 14 жасқа дейін. Жарыста 100 жуық спортшы Астананың намысын қорғайды.

0
– Бүгінгі жарыс – 19-шы «Хәкім Омаров атындағы мемориал», ол тірі кезінде шахматты насихаттауға және оның дамуына зор үлес қосқан. Турнирге қатысуға балалардың көп келгенін байқадым. Олар үшін ең бастысы, гроссмейстерлердің немесе шеберлердің ойынын көру, бұл – болашақта кем дегенде сондай жетістікке қол жеткізуге ынталандыру болады, бәлкім олардың бірі әлем чемпионы атанатын шығар, – дейді Қазақстанның шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Еркін Исрайылов.

Жарыс басталғаннан кейін ұл-қыздар зейінін ойынға шоғырлады. Қарсыластар бір-біріне лайық екендігі байқалады.

00
– Шахматты ұнатамын, екі жыл ойнап, екінші разряд алдым. Ендігі мақсатым бірінші разряд, одан әрі жеңіске жету. Шыдамдылық керек, түрлі тактикаларды, жаттықтырушының үйреткенінің бәрін білу керек, партияларды есте сақтасаң болды, – дейді жас шахматшы Асанәлі Әшімов.

Қатысушыларды қолдау үшін халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова да келді, ол да осы Х. Омаров атындағы клубтан бастаған болатын. Бүгінде ол – кәсіпқой шахматшы.

– Өзім де бұған дейін «Х. Омаров атындағы мемориалға» талай рет қатысқанмын, жарысқа қатысатын балалардың жыл сайын артып жатқаны қуантарлық жайт. Қазақстанда шахмат дамып келеді, бұған өзім де үлес қосқаныма қуаныштымын, – деді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button