Құқық

Алаяқ алыстан келмеген…

Астана полициясына елорда тұрғыны өзін бір адамның алдап, алтын бұйымдарын иемденіп кеткені туралы шағым түсірді. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасауға қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адамның қаладағы зергерлік дүкендердің бірінде жұмыс істейтіні белгілі болды. Жәбірленушіні бұрыннан танитын болғандықтан, оның сеніміне кіріп, алтын әшекейлерін балқытып, алтын алқа жасап беруді ұсынған. Алаяқ зергердің берген уәдесіне сенген астаналық шамамен 2 млн теңге тұратын алтындарын жөндеуге берген. Қаскүнем кейін әртүрлі сылтаулар айтып, уәдесін орындамай хабарсыз кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button