Ел тынысы

Алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек?

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек алданған үлескерлердің бірі болмас үшін және проблемалық нысандардың көбеюіне жол бермеу үшін не істеу керек екенін айтты.

Қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында құрылысы ұзаққа созылған нысандар туралы ақпарат жариялап, тұрғындарды алаяқ құрылысшыларға алданбаудың жолдарын жазды. «Ұзаққа созылған нысандардың құрылыс кезеңін бақылауда ұстаймыз. «Комсомольский», «Алтын шар», «Араби 2-Гранитный 2», «Триумф сити», «За рекой», «Диана», «Future home Astana», «Зере 2» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездестім. Нысандар бойынша үлкен жүйелі жұмыс – инженерлік желілер мен құжаттарды рәсімдеу бойынша да, құрылыс қарқынын жеделдету бойынша да жүргізіледі. Осыған дейін айтқанымдай, әр үйдің өткен тарихы әртүрлі: бірінің тек шұңқыры ғана қазылған болса, енді бірінің жақтауы ғана көтерілген. Құрылысшыларға үйлердің сапасына ерекше көңіл бөлу және тұрғын үй кешенін аяқтау міндеті жүктелді. Ерекше маңызды сәттердің бірі – құрылысы ұзаққа созылатын әрі үлестік құрылыстың проблемалы нысандарының пайда болуына жол бермеу қажет. Құрылыс компаниялары заңнамада көзделген қатаң талаптарға сай белгілі бір жағдайларда ғана үлескерлердің қаражатын қабылдай алады. Нақтырақ айтсақ, бұл – тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу, Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу, тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын қабылдау. Сол сияқты қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу үшін әкімдік пен БАҚ-та үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың «қара тізімі» жүйелі түрде жарияланып тұрады» деп жазды Ж.Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button