Әлеумет

АЛАЯҚТЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ

дольщик

Елімізде, әсіресе, бас қалада баспанаға зәрулік жылдан-жылға артып отырғаны белгілі. Осы тұрғыда жымысқы мүддесін көздеп, қылмыстық жолмен пайда тапқысы келетіндер де табылып қалуда. Мәселен, жақында елордадағы «Аль Баракат Компани» ЖШС мен «Төленді» тұрғын үй құрылыс компаниясына қатысты алаяқтық фактілері бойынша қалалық Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады.

Расы керек, осындай келеңсіз жағдай­ларға көбіне адамдар мұқтаждықтан ұрынады.  Соның ішінде, алаяқтардың торына жеке баспанаға ие болуға ұмтылған жас отбасылардың жиі түсе­тіндігі де байқалады. Сондықтан, әркім баспана сатып аларда әуелі сақтық танытып, барлығын саралап, содан кейін ғана шешім қабылдағаны жөн. Ең бірінші, баспана сатып алушылар көп қабатты тұрғын үй салушылардың мынадай құжаттары: жер телі­мін таңдау және келісу актісі, жо­балауға рұқсат ететін қау­лысы, сәулет-жоспарлау тап­сыр­масы, Астана қаласының бас архитекторы бекіткен сызба жобасы, инженерлік желілері бар жұмыс жобасының мемлекеттік са­рап­тамасы және құрылыс жүргізу жөніндегі қау­лысы бар-жоқтығын тексеріп алғандары жөн.

Сонымен қатар, құрылысы аяқтал­маған нысандардан тұрғын алаңдарын сату үшін құрылысшы мекеменің жоға­рыда көрсетілген құжаттардан басқа үлескерлер қаржысын тартуға рұқсаты болуы керек.

Астана қаласы әкімі аппараты бас­па­сөз қызметінің мәліметінше, апта сайынғы БАҚ саралауы Аста­нада құрылысы аяқталмаған нысан­дарда шаршы метрлерді сататын ком­паниялардың бар екендігін көр­сетті (тұрғын үйді сату бойын­ша БАҚ-та компаниялардың жар­­нама орналастыру жөніндегі рұқ­сат қаға­зының болуы туралы ақпаратты ресми беттен қараңыз). Бұл «ҚР Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңына қайшы келеді.

Жоғарыда айтылғандай, заң­­сыз әрекеттердің алдын алу мақ­сатында тұрғын үй құры­лысына үлестік қаты­су жөніндегі ведом­ствоаралық комис­сияның қоры­тын­дылары апта сайын БАҚ-та жарияланатын болады.

Жылжымайтын мүлік сататын салушылардың рұқсат құжаттарының болуы туралы ақпарат

Жылжымайтын мүлік сататын салушылардың рұқсат құжаттарының болуы туралы ақпарат-01

Сағи ОРАЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button