Қоғам

Алда – ауқымды міндет

Қазақстанда АЭС салу бойынша өткен референдумда ел азаматтары болашақ үшін маңызды шешім қабылдады. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин осы тарихи сәтте референдумға барған отандастарымыз ортақ іске ұйысып, жұмыла кірісе алатынын көрсетті деп бағалайтынын жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

-Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік әрі саяси маңызы бар шешімді қабылдау жолында қазақстандықтар оң таңдау жасады. Мен де кеше  №173 сайлау учаскесінде ел келешегі үшін, атом энергетикасының болашағы, жалпы алғанда мемлекетіміздің экономикалық дамуы үшін дауысымды беріп, таңдау жасадым.

Референдум сәтті өтті. Бұл отандастарымыздың ортақ іске ұйысып, жұмыла кірісе алатынын көрсетті.

Тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз етуге, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға қысқасы, атом электр стансасын салу экономиканың және онымен байланысты барлық саланың дамуына мультипликативті әсер етеді. Ғылым мен білімнің, технологияның дамуына жол ашады. Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Сондықтан,  отандастарымыз бұл жолда өте дұрыс таңдау жасап, болашаққа нық қадам басты деуге келеді.

Дегенмен, алда атқарар ауқымды міндет тұр. АЭС құрылысы бір жылдық белес емес. Ол циклдік кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын ұзақмерзімді жоба. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жоба. Ал, оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді.

Біз өз тарапымыздан келешек ұрпақтың қамы үшін осы жобаның сәтті іске асуына аянбай үлес қосатын боламыз.

 

Райхан Рахметова

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button