Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын болжады, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астанадағы ауа райы болжамы
20 қарашада Астанада көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -9…-11 градус, күндіз шамамен 0 градус.
21 қарашада бұлтты, кей уақыттарда қар, бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5 градус, күндіз -0…-2 градус.
22 қарашада бұлтты, түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12 градус, күндіз -5…-7 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
20 қарашада Алматыда ауыспалы бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 2-7 м/с, күндіз екпіні 10 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4 градус, күндіз +11…+13 градус жылы.
21 қарашада ауыспалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3 градус, күндіз +6…+8 градус жылы.
22 қарашада бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2 градус, күндіз +1…+3 градус жылы.