ДенсаулықСұхбат

АЛДЫМЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ НАШАР АДАМДАР ЕГІЛЕДІ

20130115142631

Әсіресе, Астана қаласында күн райы күрт суығалы тұмау ауруына шалдыққандар қатары жиіледі. Жұқпалы саналатын дерттің алдын алмаса, асқынған түрінің дауасын табу қиынға соғатыны бәрімізге мәлім. Жауапты мекемелер бұл бағытта қол қусырып отырған жоқ, нақты шараларды қолға алуда. Биылғы эпидемиялық маусым алдында бюджеттен нақты қаражат бөлініп, мақсатты игерілу үстінде. Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары – еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинмен арада өрбіген әңгіме бұл сөзімізді растай түседі.

– Биылғы эпидемиялық маусымда қандай нақты шараларды қолға алдыңыздар?

– Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап тұрғын халықты тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Тұмаудың алдын алу үшін ең тиімді әдіс – халықты вакциналау болып табылатыны рас. Айта кету керек, 2014-2015 жылдың эпидемиялық маусымы алдында тұмауға қарсы 1,2 миллионнан астам вакцина дозасы 874 миллион теңгеге сатып алынды. Ал былтыр 549 миллион теңгеге 798 мың доза алған едік.

– Мемлекеттік бюджет қаражатына алынған бұл дәрмек ең алдымен тұр­ғындардың қай санатына егіледі?

– Жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі ең жоғары деген әлеуметтік топтарға егіледі. Мәселен, созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын, иммунитеті нашар және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер…

– Астаналық тұрғындар арасында екпені ақылы түрде алғысы келетіндер де бар. Оларға қандай мекемелер қызмет көрсете алады?

– Тұмауға қарсы ақылы вакцинация жекеменшік медициналық орталықтарда, емханалардың екпе кабинеттерінде жүргізіледі. Оның құны әр өңірде 2200 теңгеден 3000 теңгеге дейін болады

– Біле жүрейік, елімізде жыл сайын неше адам тұмауратады?

– Жыл сайын Қазақстанда тұмау мен ЖРВИ ауруын 600-ден 1 миллион адамға дейін жұқтырады. Бұл ел халқының 3,5-нан 10 пайызға жуығы деген сөз.

Ескерте кетейін, вакцина егілгеннен кейін 14 күннен соң күшіне енеді, оның қорғаныш белсенділігі 6-дан 12 айға дейін созылады.

Асхат РАЙҚҰЛ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button