Шаһар шежіресі

Александра Пахмутова – Целиноградта

1954 жылы Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеру үшін келген Евдокия Андреевна Зайчукова ұйымдастырушылық талантымен, ерік-жігерімен, ыстық жүрегімен Двуречный, Ижевск кеңшарларын басқарып, ірі шаруашылық қатарына қосуға елеулі үлес қосқан.

Жастардың сүйікті композиторы Александра Пахмутованы 1965 жылы 20 сәуірде Целиноград түбіндегі Ижевск ауылында Евдокия Андреевна «ижевтіктермен» күтіп алып, құрмет көрсетеді. Бүкіл дәуірді көрсететін жүздеген әндер авторының сол күні кешке Це­линоград қаласындағы Тыңгерлер сарайында ән кеші өтті.

Өмірі әнге айналған композитордың Арқа төсіне табан тіреуі алғаш емес еді. Пахмутовалар отбасы соғыс жылдарында Сталинградтан көшіп, бір жылдай Самарқан поселкесінде (қазіргі Теміртау қаласы 1945 жылдың 1 қазанына дейін осылай аталған) тұрған екен. Сол жылдары Қарағандыдағы музыка мектебінде (бүгінде Тәттімбет атындағы колледж) оқыған.

1973 жылы Минскiде өткен кеңес әндерiнiң бүкiлодақтық байқауында өнер көрсеткен «Дос-Мұқасан» ансамбліне жюри мүшелерi арасында бұлар кәсiби емес, студенттiк ансамбль деген дау шыққанда, жюри төрағасы Александра Пахмутова бұл пiкiрге қарсы шығып, келесi турға өтуіне мүмкіндік жасайды. Сөйтiп, «Дос-Мұқасан» «Песнярыдан» кейiн 2-орын алады.

Ғазиза ИСАХАН

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button