1 мамыр - Бірлік күні

Әлеуетіміз жетеді

Қазіргі таңда Конституциялық Кеңес үлкен өзгерістер топтамасын қарастырып жатыр.

[smartslider3 slider=2852]

Елдің Ата заңына отызға жуық түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер саяси жүйеден бастап елдің құрылымын өзгертуге дейінгі мәселелерді қамтиды. Аталмыш реформа азаматтарымыздың өмірін жақсартып, әр адамның бақытты болашағын қалыптастыруға бағытталған. Біз өзіміз үшін ғана емес, ұрпағымыз үшін шаңырағы биік, керегесі кең, табалдырығы берік «Жаңа Қазақстанды» құруға дайынбыз. Ол үшін әлеуетіміз де, күшіміз де, жігеріміз де жетеді. Біз – тарихи сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын халықпыз. Ендігі кезекте саяси реформаларды аяғына дейін жүргізуіміз маңызды. Бұл реформалардың мәні мен мақсатын халыққа дұрыс түсіндіру – ортақ борышымыз. Себебі кез келген тарихи сәттің орын алуы қашанда халықтың шынайы қолдауына ие болғанда ғана жүзеге асады. Осы ойымды барлық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қолдайтынына еш күмәнім жоқ. Сондықтан бұл бағытта елге жанашыр, мемлекетшіл, отаншыл азаматтардың күш-жігерін біріктіру қажет деп есептеймін. Ассамблеяның құрылымдары мен мүшелері алдыңғы сапта болуы керек. Біз бұл мәселеге Ассамблеяның ғылыми сарапшылық кеңесінің де күшін жұмылдырамыз.

Әскер ПИРИЕВ

«Ахыска Түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы»

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button