Жаңалықтар

Әлеумет сауалы — Әкiм жауабы

МАРС АЛЫС ҚАЗАҚҚА, ҚАРАСАҚАЛ ЖАҚЫНДАУ

Зайырқан Бақыт:
– Құрметтi Иманғали Нұрғалиұлы! Қала тұрғыны ретiнде оның тарихын бiлгiм келедi. Мәселен, Шұбар шағын ауданындағы Марс көшесiнде тұрамын. Қазiр бұл «Қарасақал Ерiмбет атындағы көше» деп аталады. Өкiнiшке орай, ол туралы интернеттен ешқандай ақпарат таба алмадым. Марс планетасын «орнынан ысырып» тастаған бұл қандай қайраткер, немесе ағартушы, әлде батыр-би екен? Осы жайында ақпарат бере аласыз ба?

ЖАУАП:
– Бақыт, көше атауларының сырына үңiлiп, тарихын бiлуге құш-тарлығыңызды құптаймын. Бұл үрдiс, тұтастай алғанда, елiмiздiң тарихын, жекелеген тарихи тұлғалардың рөлiн, әрине, Қазақстанның жаңа астанасының жылнамасын жазу iсiнде соны тенденциялар қалыптастыратыны сөзсiз. Мен сiзге Астана қаласы ономастикалық комиссиясының ықтиятты жұмысының арқасында қатталған, Астана көшелерiнiң атаулары туралы, адамдар мен уақиғалар туралы бiлiгiңiздi молықтыратын ақпарат көздерiн айта аламын. Мұндай мәлiметтер 2010 жылы қазақ және орыс тiлдерiнде жарық көрген «Астана қаласы ономастикалық атауларының көрсеткiш анықтамалығы» және 2011 жылы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде шыққан «Астана көшелерi» атты кiтаптардан табылады. Аталған басылымдарды сатып алу үшiн «Руха-ният» орталығына 213 641, 211 585 телефондары арқылы хабарла-суыңызға болады.
Ал, бұрынғы Марс көшесiне аты берiлiп, ардақталған Қарасақал Ерiмбет (1844-1916 ) – шығыстың дидактикалық философиялық әдеби дәстүрiн жаңаша дамытқан Қожа Ахмет Яссауи, Махамбет және басқа да қазақ даласының даңқты перзенттерiнiң поэтикалық бейнесiн сомдаған жез таңдай жыршы, суырып салма ақын. Оның «Атымтай Жомарт», «Ақтам сақаба», «Мұхаммед пайғамбар туралы хикая» дастандары кезiнде ел аузынан түспей, жекелеген тiркестерi қанатты сөзге, мақал-мәтелге ай-налып кеткен, кейбiр өлең-толғауларын қазiргi термешiлер үзбей орындап жүр. Бұл, шын мәнiнде, қаламыздағы көшеге атын берiп, ардақтауға әбден лайық тұлға.

«МЕН КЕЛДIМ, КИНОИНДУСТРИЯ, ЕСIГIҢДI АШ!»

Еленбаева Нәзира Болатқызы:
– Ағай, мен әзiрше болып-толмаған режиссермiн, алайда, өскен кезде киноиндустриядан ойып тұрып орын аламын. Талабы тау жығардай құр-быларым жетерлiк. Оларға өздерiн көрсететiн алаңқай болса ғой, шiркiн… Мен қазақстандық Қысқа метражды кинофестивалiн өткiзудiң тұжырымда-масын шимайлап жүрмiн. Осындай жобаға елорда Әкiмдiгi моральдық және материалдық қолдау көрсете ала ма? Бұл фестивальдi жылына бiр рет, мәселен, Қала күнiне орайластыра өткiзсе, тамаша болар едi. Экшн-фильмдер фестивалiмен қабаттастыра…

ЖАУАП:
– Нәзира Болатқызы, мейлiнше шығармашыл, креативтi әрi бастамашыл жастарға қолдау көрсету үшiн бiз Астана қаласы Iшкi саясат басқармасы-ның жанынан жастар саясатын қолдау қорын арнайы құрдық. Мысалға, оның келешегi зор жобаларының бiрi – «Жас дарын» конкурсы болып табылады, оның бiрнеше номинациясы бар, бiрi – «Жас режиссер» деп аталады. Конкурсқа қатысып, қабiлетiңiздi сынап көремiн десеңiз, 322 123, 322 621 телефондары арқылы Қор қызметкерлерiне немесе 556 605 теле-фоны арқылы Iшкi саясат басқармасындағы Қор кураторына тiкелей хабарласыңыз. Одан арғы режиссер ретiндегi жолыңыз қалай қалыптасатындығы тек өзiңiзге ғана байланысты.

СУ ҚҰРЫСА, әл САУДИ КIНӘЛI МЕ?

Темiрова Сәуле:
– Сәлеметсiз бе, құрметтi Иманғали Нұрғалиұлы! 12 наурыз күнi сағат 15-тен бастап Фахд бен Абдул Әзиз әл Сауд көшесiнде су болмай қалды. Күндiз «АстанаСу Арнасынан» себебiн бiлдiк (Байтұрсынов көшесiндегi құбыр жарылған екен). Кешкiсiн хабарлассақ, әлгi ұйымдағылар жарытып жауап бере алмады. Айтайын дегенiм, ақпан айында да екi апта сусыз отырдық. Үш күн бойы олар себебiн анықтап, бiр тәулiк жөндеген, ақырында, суды қосуды ұмытып кеткен едi. Бiр айда екi рет осылай болды. Тағы қайталанғаны ма соның?.. Тағы бiр айтайын дегенiм: көшенiң жаңа атауы «051» қызметiндегiлердiң де, «Астана СуАрнасындағы» диспетчер-лердiң де жынын келтiредi, бұрынғы атымен атауымызды талап етедi. Ал, ол бiздiң шаруамыз емес қой…

ЖАУАП:
– Сәуле, Сауд Арабия королi Абдолла бен Абдол Әзиз әл Саудидiң есiмi бүкiл әлемге танымал. Елордадағы көшеге аты берiлуi де кездейсоқтық емес. Ол екi ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, Қазақстан экономикасына және елордамызға салынатын инвестицияның өсуiне қомақты үлес қосты, бiздiң халықтарымыздың арасындағы рухани байла-нысқа арналы жол ашты. Ол – дүние жүзiнде зор беделге ие. Сондықтан, Астана қаласындағы көшелердiң бiрiн оның есiмiмен атау өте дұрыс шешiм болды, оған кейбiр азаматтардың надандығы ықпал ете алмайды деп ойлаймын.
Ал, сумен қамту жайына келетiн болсақ, нақты мекен-жайыңызды көрсетпегендiктен, тиянақты түрде жауап берудiң мүмкiндiгi болмай тұр. Әйтсе де, бiздiң қызметкерлер жүргiзген тексеру барысында Фахд бен Абдул Әзиз әл Сауд (бұрынғы Вагон) көшесiмен өтетiн Д=300 мм құбырдың iстен шыққандығы туралы апатты жою қызметiне өтiнiм түспегенi анықталды. Бұл су құбыры қалыпты жағдайда жұмыс iстеп тұр.
Сондықтан, қандай да бiр проблема туындаған ретте «АстанаСу Арнасы» МКК диспетчерлерiне өтiнiм түсiрiңiздер, тиiстi шара қолданылады.

БИЗНЕСТI ҚАЛАЙ БАСТАУҒА БОЛАДЫ?

Айдарбек Иманәлi Саятұлы:
– Құрметтi Иманғали Нұрғалиұлы! Мен өз бизнесiмдi бастап, Астана қаласында ФИИР бағдарламасы бойынша жұмыс iстегiм келедi. Осы бағытта қандай өндiрiстi дамытуға болады? Сондай-ақ, кәсiпкерлiктi қай несие бағдарламасымен өрiстете аламын?

Шақанов Талғат Бейбiтұлы:
– …Бизнестi қалай және неден бастауға болады? Осы жөнiнде ақпарат табу қиын, көмектесiңiзшi!

ЖАУАП:
– Iстi жаңадан бастаған кәсiпкерлерге мемлекеттiк қолдау түрлерi жөнiнде ақыл-кеңес алу үшiн Астана қаласы Өнеркәсiп және кәсiпкерлiк басқарма-сына хабарласқан жөн. Тап осы құрылым нақты өнiм шығаратын өндiрiс салаларына қолдау көрсетуге арналған «Бизнестiң жол картасы – 2020» бағдарламасының әкiмгерi болып табылады. Аталған бағдарлама эконо-миканың басымдық берiлген салаларында қызмет атқаратын шағын және орта бизнеске қаржылай және басқа да жәрдем берудi көздейдi. Әсiресе, жаңа бизнес-бастамаларға көрсететiн қолдаудың мынадай түрлерi қарас-тырылған:
1. Жаңа бастамаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстi жаңартып, кеңейтуге арналған кредиттер бойынша пайызды өсiмақыны өтеуге қаржы бөлу (қайтарым ақысы 14 пайыздан аспайтын кредиттер қаржыландырылады: оның 7 %-дан аспайтын мөлшерiн бағ-дарламаға қатысушының өзi, 7 %-ын мемлекет өтейдi, қаржы бөлу мерзiмi – 3-10 жыл, жалпы бағаның 15%-ынан кем емес мөлшердегi қаржымен қатысу шарт) ;
2. Жобаларды жүзеге асыруға арналған банк кредиттерi бойынша iшiнәра кепiлдiк беру (кепiлдiктiң ең көп мөлшерi – 50%-дан кредит сомасына дейiн, кепiлдiк мерзiмi – 10 жыл);
3. Өндiрiстiк (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту (кәсiпкердiң маңайындағы аумақтың инфрақұрылымын жетiлдiрiп, жолды қайта жөн-деуге, су құбырын тартуға және т.б. көмек көрсетiледi);
4. Кәсiпкерлiктiң әлеуетiн көтеру (жаңадан iс бастаған кәсiпкерлердi (старт-ап жобаларды) қолдау, жұмыс iстеп тұрған бизнеске сервистiк қолдау, «Назарбаев Университетi» АҚ базасында ШОБ топ-менеджменттi, «Iскер байланыстар» жобасын оқыту жөнiнде тегiн қызмет көрсетiледi).
Сонымен қатар, осы Бағдарламаның әлеуеттi қатысушылары үшiн экономиканың басымдық берiлетiн бағыттары да анықталған, оған мыналар кiредi: агроөнеркәсiптiк кешен; кен өндiрушi өнеркәсiп; жеңiл өнеркәсiп және жиһаз шығару; құрылыс материалдары мен басқа да бейметалл минералдық өнiмдер шығару; металлургия, металл өңдеу, машина жасау; көлiк және қойма iсi; туризм; ақпарат және байланыс; кәсiп-тiк, ғылыми және техникалық қызмет; бiлiм беру; денсаулық сақтау және әлеуметтiк қызмет; ойын-сауық және демалыс өнерi және басқа да көрсе-тiлетiн қызмет түрлерi.
Бұлардан басқа, «Кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ қаржылай көмек беруге арналған басқа да бағдарламаларды жүзеге асырады. Осы бағытта толық ақпарат алу үшiн 559-434, 559-199 телефондары арқылы кеңесшiлерге хабарласуларыңыз керек.
Өнеркәсiп және кәсiпкерлiк басқармасы мамандарының да телефондары қаперлерiңiзде жүрсiн: 556-916, 55-995, электрондық мекен-жайы:
zh.beskempirova@upp.astana.kz, r.sagintaeva@upp.astana.kz.
Сондай-ақ, Астана қаласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қолға алынған, ол жеке iсiн ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсендiлiгiн арттыратын кәсiпкерлiктi ынталандыру шара-ларын қарастырады.
Бағдарламаның аталған саласына ауыл кәсiпкерлерi мен өз бетiнше еңбектенiп жүргендер, өз iсiн ашқысы келетiн әрi мүмкiндiгi бар жұмыссыздар мен тұрмысы нашар тұрғындар да қатыса алады. Осы ба-ғытта талаптанғандарға мемлекеттiк қолдаудың мынадай түрлерi көрсетiледi: шағын кредиттер брiледi және кәсiпкерлiк негiздерiн оқытып-үйретедi.
Шағын кредиттер жөнiндегi бағдарламаға қатысушылар құрамына кiруге үмiткерлерден талап етiлетiн құжаттар жиынтығы, сондай-ақ, шағын қаржы мекемелерiнiң несие беру шарттары жөнiнде қосымша ақпараттар алу үшiн Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына жолығуға болады, мекен-жайы: Брусиловский көшесi, 17/3-үй, тел. 578 868.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button