Жаңалықтар

Әлеумет сауалы — Әкiм жауабы

ТӘЛIМIМ ҚЫЛДАЙ, ТАЛАБЫМ ТАУДАЙ…

Гаухар Бектемiрқызы Бердiбаева:
– Сәлеметсiз бе! Сiздiң әкiмдiкте жұмыс iстегiм келедi бiрақ менi жұмысқа алмайды. Мен 2010 жылы қаржыны бiтiрдiм, тәжiрибесiз не iстеуiм керек? Соны бiлгiм келедi

ЖАУАП:
– Гаухар, Астана қаласы әкiмдiгiнiң құры¬¬лы¬мына қызметкерлер қабылдау ҚР «Мемле¬кеттiк қызмет туралы» заңының талаשּׁтарына сәйкес конкурстық негiзде жүзеге асырылады. Сiз мемлекеттiк орган¬дардың сайттарында жарияланған бос қыз¬мет орын¬дарын иеленуге конкурстар өткiзу туралы хабарландыруларды қадағалай жүрiп, оларға қатысу үшiн құжат тап¬сырасыз. Содан соң ҚР Мемлекеттiк қыз¬мет iстерi жөнiндегi агенттiкте Қазақстан заңдары мен мемлекеттiк тiл бойынша, логикалық тест тап¬сырып, әңгiмелесуден өтесiз. Осы проце¬дуралардан сәттi өткен ретте жұмысқа қабылдануыңыз немесе ар¬найы ұсынбамен мемлекеттiк қызмет резер¬вiне алынуыңыз мүмкiн.
Алайда, маған жазған хатыңызды шолып шыққаннан-ақ, мемлекеттiк қызметшiге қойы¬¬латын талаптарға сай болу үшiн сiзге көп iзденiп, өзiңiздi әлi де жетiлдiре түсу қажеттiгi аңғарылып тұр.

ЖЕҢ ҰШЫНАН ЖАЛҒАСПАЙ МА?

Айтпаева Роза Әлiмжанқызы:
–Қайырлы күн, Иманғали Нұрғалиұлы! Арендалық баспананы бөлетiн комитет бiржақтылықпен және әдiлетсiздiкпен, тiптi, сыбайлас жемқорлықпен әрекет етедi деп ойлаймын. Мысалы, 27.01.2011 жылы өтiнiшiмдi тапсырған кезде маған 9672-нөмiр берiлген едi, ал менен кейiн, 08.02.2011 жылы құжат тапсырған танысым Жантұрғанова Әсел Құрманбекқызы, сайт деректерi бойынша, кезекте 9194-ретпен тұр. «Менен кейiн тiркеле тұра, қалай 23 орынға алға шы¬ғып кеттi?» деген сұрақ туындайды ерiксiз. Сайтта жазылған ақпаратқа сенсек, кезек құжат тапсырылған датасына байланысты жылжиды екен. Әлде олай емес пе? Осы ке¬леңсiздiктi тексерiп, кiнәлiлердi жазаға тар¬туды сұраймын. Менiңше, кезектi жылжыту барысында жауапты адамдардың жең ұшынан жалғасу әрекетi жатқан сияқты…

ЖАУАП:
– Роза Әлiмжанқызы, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана алу құқы берiлген азаматтардың 11 санатына жататын қалалықтар құжаттарды тапсырған күнiне қарай әлеуметтiк топтар бойынша тiркеледi. Олар төрт тiзiмге бөлiнедi. Сiз толық емес отбасының өкiлi болғандықтан, 2011 жыл¬дың 27 қаңтарында №2 тiзiмге әлеуметтiк тұрғыдан аз қамтылған азамат ретiнде тiр¬келгенсiз, қазiр кезекте 9074-орында тұрсыз.
Ал, өзiңiзбен салыстырып отыр¬ған А.Қ.Жан¬тұрғанова 2011 жылдың 8 ақ-панында басқа Тiзiм бойынша – бюджеттiк мекеменiң қызметкерi ретiнде тiркелген, қазiргi кезде ол 9113-ретпен кезекте тұр. Пә¬терлердi бөлу барысында барлық тiзiмдегi азаматтарға баспана тепе-теңдiк негiзде бе-рiледi, тек 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар тiркелетiн бiрiншi тiзiмдегiлерге ғана басымдық берiледi. Олар баспананы кезектен тыс алады.
Сонымен, пәтер бөлу барысында жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа жол берiледi деген ой-байламыңыз өсек-аяңнан ушыққан, қалыптасқан жағдайға үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын байбаламнан басқа түк емес.

ЖОЛҒА ҚОЯР
ЖОБАМ БАР

Мұқышев Дархан Жанатұлы:
– Сәлеметсiз бе, Иманғали Нұрғалиұлы! Мен – Астанадағы жас кәсiпкерлердiң бiрi¬мiн. «Астана – ақылды қала» аясында өз ұсынысымды – қалада орнатылған тер¬миналдар бекетi арқылы тапсырыс беретiн «e-taxi» жобасын ұсынғым келедi. Жобаның сайты: http://etaxi.kz , http://e-taxi.kz . жергiлiктi таксопарктермен ынтымақтасып жұмыс iстей бастадым, ендi Әкiмдiктiң қол¬дауы, жобаны жүзеге асыруға жәрдемi қажет болып тұр.

ЖАУАП:
– Дархан Жанатұлы, қала бойынша инновациялық технологияларды енгiзу iсiмен Астанада арнайы құрылған компания – «Астана Innovations» АҚ айналысатынын бұрын да айтқан едiм. Қазiргi кезде ол тер¬миналдар бекетiн пайдалана отырып, қала¬дағы жолаушылар тасымалын жетiлдiру жо¬басын қолға алды. Бәлкiм, сiздiң идеяңыз осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында қаделi болуы мүмкiн. Сондықтан хатыңызды осы компанияның сарапшыларына беремiн, олар мiндеттi түрде сiзге хабарласады. Сон¬дай-ақ, «Астана Innovations» АҚ-ның мекен¬жайын да қаперiңiзге ала жүрiңiз, ол Қабан¬бай батыр көшесi, 28-үй, 5-кеңседе орна-ласқан, тел.: (+7 7172) 28 75 78.

ҚҰБЫРЫ ТЕРЕҢНIҢ КӘРIЗI ҚҰРҒАМАЙДЫ

Белокопытова Валентина Андреевна:
– …Бiз, Кеңдала көшесiндегi №5 үй (бұрынғы «ДСУ-450») тұрғындары «Астана СуАрнасы» қызметкерлерiне ықпал етуiңiздi сұраймыз. Орталық трассадан тартылған құбыр қатып қалып, сусыз отырғанымызға төрт күн болды. «Горводоканалға» телефон шалып, өтiнiм бергенiмiзбен, мәселе бас¬тық¬тың қарауында екенiн айтудан басқа жауап бермейдi. Егер осылай созылса берсе, кә¬рiздер де қатып қалуы мүмкiн, ал бiзде далаға орнатылған дәретхана жоқ…
Марина Анатольевна:
– Құрметтi Иманғали Нұрғалиұлы! Про¬мыш¬ленный кентiндегi Көкжелек көшесiнiң тұрғындары атынан сумен жабдықтау мәселесiн шешуге көмектесуiңiздi сұраймын. Бiр ай бұрын «Горводоканал» көшедегi жал¬ғыз колонканы бұзып тастап едi, ендi су құ¬быры қатып қалатын болды. Су алу үшiн көршi көшеге барып, кезегiмiздi 40-50 минут күтiп, дiрдектеп тұрамыз. Бәрiмiздiң жас балаларымыз бар, қарттар да жеткiлiктi, көшенi абаттандыру жөнiндегi шараны қолға алуларыңызды өтiнемiз. Рахмет!

ЖАУАП:
– Марина Анатольевна, Валентина Андреевна, су жинақтау колонкасын алып тастау, тармақты құбырлардың қатып қалуына алып келген, әйтпесе магистралды су құбырында кiнәрат жоқ. Промышленный кентiндегi және Кеңдала көшесiндегi тұр¬ғындардың сусыз қалуының себебi – ма¬гистралды су құбырынан үйлерiңiзге тар¬мақтай су тартуға рұқсат алған кезде «АстанаСуАрнасы» мамандарының ұсын¬баларын ескермей, техникалық мiн¬дет¬тердi бұрмалағансыздар, яғни, жеке үйлерге дейiн су тарту құбырларын 2,5 метрге емес, 1,5 метр тереңдiкке ғана көмген екенсiздер. Мұндай жағдайда, заң бойынша, ақауды жеке су тартушылар өз қаржыларына жөндетуге тиiстi.
Соған қарамастан, «АстанаСуАрнасы» мамандары Промышленный тұрғын ала¬бындағы Көкжелек көшесiндегi және Кең¬дала көшесiндегi құбырларды қыздырып, мұзын ерiтiп бередi. Бiрақ, көктем-жаз ай¬ларында өз иелiктерiңiздегi құбырларын бел¬гiленген техникалық талап¬тарға сай етiп қай¬та тартуларыңыз қажет, әйтпесе, келесi қыс келгенде тағы сусыз қаласыздар, ал «АстанаСуАрнасы» МКК ондайда техника¬лық қолдау көрсетуге мiндеттi емес.

ШЫЛЫМҚОРҒА ҚОЛДАНАР ШАРА БАР МА?

Қала тұрғыны:
– Құрметтi әкiм, бiзде, Мостовой көше¬сiндегi 22-үйде, бiр көршi бар, ылғи кiре¬берiске темекi тартады, достарын жинап алып, арақ-шарап iшедi. Соның кесiрiнен пәтерiмiзге түтiн мен iшiмдiктiң иiсi кiрiп кетедi, екi кiшкентай балам бар, кiреберiс ластанып жатады. Бiрнеше рет ескерту жасағаныма жас жiгiттер қыңған жоқ, төбелес шығара жаздады. Осы жөнiнде қайда шағымданғаным жөн? Кiреберiсте темекi тартатындарға қандай жаза қолданады екен?

ЖАУАП:
– Аты-жөнi көрсетiлмеген «домалақ» хаттар қаралуға тиiс емес. Шылымқор көршiңiздi ұстап алып, әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту үшiн сiздiң үйдiң кiре¬берiсiне полиция күзетiн қоюға мүм¬кiндiгiмiз жоқтығын түсiнетiн шығарсыз. Сондықтан шағымдануыңыздың себептерi мен өзiңiз туралы деректердi толықтай баяндай отырып, учаскелiк инспекторға арыз жазыңыз. Сондай ретте ғана ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» кодексiнде көзделген шараларды қолдануға болады.

ШАШТАРАЗ, КЕЛЕР МЕ ЕДIҢ ШАҚЫРҒАНДА?

Қожахметова Раиса Валиевна:
– Мен – мүгедекпiн, Мұстафин көше¬сiн¬дегi 21/5-үйде тұрамын. Осы үйде орналасқан «Жанеля» шаштаразына хабарласып, үйге келулерiн өтiнген едiм, бiрақ олар дөрекi жауап қайтарып, қызмет көрсетуден бас тартты. Айтыңызшы, жеке шаштараздардың жұмысына қандай да бiр бақылау орнатылған ба? Оған өзiм барайын десем, пандусы жоқ, ал баспалдақтары денi сау адамның өзi әзер көтерiлетiндей…

ЖАУАП:
– Раиса Валиевна, Астана шашта¬раздарының бәрi жеке адамдардың иелiгiнде, оларды тексеру, Қазақстан заңдарына сәйкес, жоспарлы түрде жылына бiр рет жүзеге асырылады. Басқа жағдайларда оларды азаматтардың тексеру органдарына жазған өтiнiш-шағымдарының негiзiнде ғана тексеруге болады.
Астана қаласының әкiмдiгi барлық шағын бизнес субъектiлерiне өз ғимараттарының кiрер есiктерiне пандус салу жөнiнде ұсыныс қана жасайды, бiрақ мiндеттей алмайды. Клиентттерден айырылу арқылы өз қалта¬ларына түсетiн пайдадан да қоса айырыла¬тындарын түсiнетiн кәсiпкерлер өз бетте¬рiнше тұрғындарға қолайлы жолмен қызмет көрсетуге талпынады. Сондықтан басқа салондардан сiзге қызмет көрсетуге құ-лықты шебер тауып алғаныңыз жөн. Бiздiң сайтта қаладағы көптеген шаштараздың телефондары жазылған, соларға жағалай хабарласа отырып, өзiңiзге қолайлы шебердi iздеп көрiңiз, бәлкiм, үйiңiзге келiп те қызмет көрсететiн шығар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button