Әлеумет

«Әлеуметтік әмиянмен» үнемде

«Әлеуметтік әмиян» әлеуметтік төлемдерді есептеу рәсімін жеңілдетуге, әлеуметтік қолдау процесін жетілдіруге, сондай-ақ бюджет қаражатының шығысын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Қосымшада азамат QR код арқылы төлей алады немесе таңдалған банк арқылы әлеуметтік төлемдерді қолма-қол ақшаға айналдырады. Ал азық-түлікті төлеу үшін «әлеуметтік әмиянды» пайдаланатын азамат қосымшаға кіріп, «QR төлем» опциясын таңдау қажет.

[smartslider3 slider=585]

Осыдан кейін сатушы QR коды бар терминалды ұсынады, сатып алушы осы QR кодты қосымшадан сканерлейді және төлемді растайды. Осылайша біріздендірілген QR код арқылы тауарлар мен қыз­меттер үшін төлем қабылданады. «Әлеуметтік әмиян» қанатқақты жобасын желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button