Елорда тынысы

Әлеуметтік көмек көлемі бекітілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаевтың қатысуымен өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне берілетін қосымша әлеуметтік көмек көлемі және мұқтаж азаматтарға газдандыру шығындарының өтемақысын көтеру ұсынысы бекітілді. Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен өткен жиында мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін иеліктен шығару шарттары келісілді. Қала әкімдігінің дербес құрамы бекітіліп, бірқатар комиссия құрамдарына өзгерістер енгізілді.

[smartslider3 slider=2440]

Алдымен баяндама жасаған қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина осы жылы Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының 18 ардагерінің әрқайсысына 1 млн 5 мың 221 теңгеден қосымша көмек беру жоспарланып отырғанын жеткізді. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, 67 АЕК немесе 205 мың теңгеге қосымша 800 мың теңге төленеді.

Баяндамашының айтуынша, газдандыруға берілетін әлеуметтік көмек 90 АЕК-тен 130 АЕК-ке көтерілді. Бұл 398190 теңгені құрап отыр.

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов жеті нысанды салу үшін жалпы сомасы 611 млн теңгені құрайтын 44 жер телімін мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алу жобасымен таныстырды. Бұл орындарда бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, К.Күмісбеков және Ш.Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені бой көтереді. А.Иманов пен Егемен Қазақстан көшелері ауданында орта мектеп, №38 көшеден бастап Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта Хусейн бен Талал көшесі салынады. Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесі қиылысында әкімшілік ғимарат құрылысы жүргізіледі. Бөгенбай батыр даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейін Сарыарқа даңғылы, А.Байтұрсынұлы және Ж.Нәжімеденов көшелері ауданындағы А50 және А51 көшелері, Шарль де Голль және А.Тоқпанов көшелерінің қиылысы ауданындағы көшелер салынады.

– Барлық жер телімдерінің иелері ұсынылған өтемақы сомасымен таныстырылды, – деді Ә.Саипов.

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button