100 қадам - Ұлт жоспарыЖаңалықтар

Әлеуметтік көмек оңтайландырылады

Бүгінде елорданың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау бойынша жұмыс жүргізуде.

100_naktyi_kadam

Мұндай көмек алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі бекіткен ең төмен күнкөріс деңгейіндегі ел азаматтары мен оралмандар ие. Соған сай айына әр балаға ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Өтініш беруші кісі тоқсан сайын Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласады. Мұнымен қатар, аталған мемлекеттік қызметті көп балалы, толық емес және құрамында мүгедектері бар отбасылар пайдаланады. Сондай-ақ, тұрақты қызметі жоқ тұрғындар әлеуметтік көмек алу үшін жұмыссыз ретінде Жұмыспен қамту орталығында тіркелуі тиіс.
«100 нақты қадам» – Ұлт жос­па­ры шеңберінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік көмек­тің оңтай­ландырудың бірнеше басымдық­тарын атап өткен-ді. Мәселен, 2018 жылдан бастап жәрдемақының үш түрі біріктіріледі. Яғни, атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы және атаулы мемлекеттік жәрдемақы жаңа форматта ұсынылатын болады. Бұл заңды іске асыру төмен табысы бар отбасылардың санын азайтуға мүмкіндік береді.

Инна ФИЛАРЕТОВА,
Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік
қорғау басқармасы
Алматы ауданының әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау
бөлімінің басшысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button