Елорда тынысы

Әлеуметтік нысандар салынады

Қала әкімдігі әлеуметтік нысандары тапшы тұрғын үй кешендерінің құрылысы жөніндегі ұсыныс­тарды қабылдамады. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында қала әкімдігі әлеуметтік нысандар құрылысына және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға ерекше назар аударады.

[smartslider3 slider=2598]

 

Атап айтқанда, Байтұрсынов көшесі, 7 (Highvill Astana ТК) мекенжайындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына мектеп салынады. Бұдан басқа, Қошқарбаев даңғылы мен Ақыртас көшесі маңында Highvill Astana тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында тағы бір жалпы білім беретін мектеп салынады.

Ақбұлақ ықшам ауданында Қ.Жала­йыри көшесінде «Iconic» ТК құрылысы тоқтатылды. Мастер-жоспар бойынша бұл орын абаттандырылып, гүлзар орнатылады.

Есіл ауданындағы Мәңгілік ел даңғылы жанында – №9 емхана мен №77 мектеп-гимназиясы арасындағы учаскеде жоспар бойынша серуендеуге және демалуға арналған қоғамдық кеңістік, сондай-ақ К.Күмісбеков көшесі, 9 мекенжайында 21 қабатты тұрғын үй кешені мен паркингтің орнына қоғамдық кеңістік пен гүлзар бой көтереді.

М.Горький-Косыгин-Челюскинцев-Ишимская көшелерінің аумағында жоспарланған тұрғын үй орнына балабақша пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар Бас прокуратура мен Jysan Bank арасында – Мәңгілік ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы учаскеде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің орнына тағы бір мектеп салынады.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button