ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарҚала мен Сала

Әлеуметтік қызметкер – алғы шепте

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде олардың ерекше қажеттілігі бар жандарға, егде жастағы тұрғындарға, әлеуметтік аз қамтылған адамдарға және қамқорлық пен мейірімділікке мұқтаж адамдарға көмектесетінін атап өтті.

[smartslider3 slider=650]

«Әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөледі. Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланды. Өз тарапымыздан бұл бағытқа қолдау шараларын одан әрі кеңейтуді жалғастырамыз: оңалту орталықтарының санын ұлғайту, әлеуметтік орталықтардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, жұмыс орындарын құру және тағы басқалар. Мысалы, келесі жылы тағы бір оңалту орталығының құрылысын жоспарлап отырмыз. Бұл ерекше қажеттілігі бар жандарды оңалтумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді» деді қала басшысы.

Әкім Мемлекет басшысының тапсыр­масы бойынша биыл әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға дейін өскеніне тоқталды. «Енді 2022 жылдан бастап 25 пайызға, 2023 жылдан бастап тағы 25 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр. Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі өте маңызды. Олар қала тұрғындарына көмектесіп қана қоймай, тағдыры қиын жандардың мұңын тыңдап, барынша қолдау көрсетеді. Әлеуметтік сала қызметкерлеріне қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамын! Зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен табыс тілеймін!» деп түйіндеді құттықтауын Алтай Көлгінов.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button