ӘлеуметЖаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР САРАЛАНДЫ

ERA_5381

Кеше Жұмыспен қамту орталығында «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар көрмесі» республикалық конкурсына қатысу үшін түскен өтінімдер қаралды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің шешімі бойынша жарияланған конкурстың аймақтық іріктеуіне қатысу үшін халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қызмет атқарып жүрген қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер құқығын қорғайтын жеке тұлғалар және үкіметтік емес ұйымдардан 14 жоба келіп түскен.

Жобаларды саралаған комиссия отырысының нәтижесінде 1 орынды «Қазақстан таңдауы – белсенді өмір» жобасы мен «Қолмен жасалған сұлулық» жобасы иеленді. Екінші орын «Жан мейірі» журналы» мен «Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру моделін жасау» ізденістеріне бұйырды. Ал, үшінші орынды «Салауатты Қазақстан» мен «Көмекке дайынмын!» жобалары бөлісті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button