Sport

Алға, «Астана»!

Осы аптада УЕФА аясындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында топтық бәсекенің соңғы туры өтеді. Қазақстан атынан ел намысын қорғап жүрген «Астана» командасы шешуші ойынды сырт алаңда Францияның «Ренн» клубына қарсы өткізеді.

«Астана» тобынан алдағы жылдың көктемінде басталатын плей-офф ойындарына Киевтің «Динамо» командасы алдын ала шығып қойды. Олар бес турда 11 ұпай жинап алды. Ал әзірге екінші орынға тұрақтаған «Астана» 9 ұпайды еншілеп тұр. Үшінші орындағы «Ренн» қоржынында 6 ұпай бар. Соңғы орындағы Чехияның келесі айналымға өтуге мүмкіндігі жоқ.
Міне, турнир кестесіндегі осындай жағдайға байланыс­ты бейсенбі күні өтетін соңғы алтыншы турда қай команданың екінші орыннан плей-офф ойындарына өтетіні белгілі болады. Біздің команда үшін тең нәтиже де жеткілікті болады. Олай болса, Еуропа бәсекесінде беделді командаға айнала бастаған «Астана» футболшылары бұл жолы да намысты қолдан бермейді деп сенеміз.
Еске алар болсақ, «Астана» осыған дейін бір рет Чемпиондар лигасының, екі рет Еуропа лигасының топтық турнирінде өнер көрсеткен болатын. Мұндай көрсеткішке қатарынан еліміздің 5 дүркін чемпионы болған елордалық «Астана» ғана жетіп отыр.
Сонымен, бейсенбі күні 23.55-те Францияда «Астана» мен «Ренн» матчы басталады. Көрейік. Сенейік.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button